20-бап. Валюталық бақылау нысандары Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңына
1. Валюталық бақылау органдары валюталық бақылау субъектілеріне қатысты валюталық бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеру нысанында және бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырады.
2. Қаржы ұйымдарына қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер, валюталық бақылау органының жоспардан тыс және құжаттамалық тексерулері және бақылаудың өзге де нысандары жүргізіледі.
Валюталық операцияларды жүзеге асыратын өзге резиденттерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын бейрезиденттерге қатысты олар валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізген кезде валюталық бақылау рәсімдері, валюталық бақылау органының тексерулері және бақылаудың өзге де нысандары жүргізіледі.
3. Валюталық бақылау органдары бақылаудың өзге де нысандарын:
1) уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің үй-жайы мен жабдығын біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарап-тексеру;
2) валюталық бақылау агентіне валюталық бақылауды тиісінше жүзеге асыру мақсатында орындалуы міндетті тапсырма жіберу;
3) Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын ықтимал бұзғаны туралы ақпараттың келіп түсуіне байланысты валюталық бақылау органы сұратқан, валюталық операцияның жүргізілуіне байланысты ақпаратты, есептілік пен құжаттарды және Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарына сәйкес ұсынылатын өзге де ақпаратты (есептілікті) талдау арқылы жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген бақылаудың өзге де нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ғана жүзеге асырады.
4. Бақылаудың өзге де нысанын жүзеге асыру рәсімдері:
1) рұқсат беру бақылауы шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы және (немесе) оған қосымша берілгенге дейін, қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан уәкілетті ұйымның айырбастау пунктіне арналған үй-жайға баруды және оны қарап-тексеруді, жабдықты қарап-тексеруді қамтиды. Бару және қарап-тексеру заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясын және (немесе) оған қосымшаны алуға келіп түскен өтініші негізінде жүзеге асырылады. Қарап-тексерудің нәтижелері заңды тұлғаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясын және (немесе) оған қосымшаны беру не беруден бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде ескеріледі;
2) валюталық бақылау агентіне тапсырманың мәні және оны орындау мерзімдері көрсетілген жазбаша сұрау салу нысанында тапсырма жіберуді қамтиды. Валюталық бақылау агенті валюталық бақылау органының жазбаша тапсырмасын сұратылған ақпаратты және (немесе) құжаттарды осындай тапсырмада көрсетілген нысанда және мерзімдерде ұсыну арқылы орындайды;
3) валюталық бақылау органының Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес немесе валюталық бақылау органының сұрау салуы бойынша ұсынылған ақпаратты, есептілікті, құжаттарды Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын, оның ішінде алынған ақпараттың, есептіліктің, құжаттардың уақтылығы, толықтығы және анықтығы жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан талдауды жүзеге асыруын қамтиды.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Осы Заң валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттарын, мiндеттерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы