Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту туралы

2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513 Жарлығы

"Актілер жинағында"   және республикалық   баспасөзде жариялануға тиіс           

     Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуетiн ғарыш қызметiнiң басым бағыттарына шоғырландыру және елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен қауiпсiздігі мiндеттерiн шешуде ғарыш технологиялары мен техникасының үлесiн күшейту мақсатында ҚАУЛЫ EТЕДІ:

     1. (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен).

     2. Қазақстан Республикасының Yкiметi:     1) (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен).     2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен "Қазақстан Республикасы ғарыштық мониторингінiң ұлттық жүйесi" 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын жоюға қойсын;     3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - "Қазғарыш" ҰК" АҚ) құрсын;     4) "Қазғарыш" ҰК" АҚ қызметiнiң негізгi бағыттарын:     Қазақстан Республикасының ғарыш қызметi саласында ағымдық, ұзақ мерзiмдi салааралық бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;     Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерiн шешуге және ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз eтугe бағытталған тиiмдiлiгi жоғары ақпарат және ғарыш технологияларын құру;     ғылымды қажетсiнетiн ғарыш технологиялары мен техникасын құру жөнiнде ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу;     халықаралық ғарыш станциясында iргелi және қолданбалы зерттеулердi орындау үшiн ұшқыш басқаратын ғарыш ұшыруларын пайдалану;     ұлттық қауiпсiздiкті, қорғанысты, қоршаған ортаны қорғауды, төтенше жағдайларды болжауды және мониторингтеудi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысты орындауға қатысу деп айқындасын;     5) осы Жарлықты iске асыру жөнiнде өзге де қажеттi шаралар қабылдасын.

     3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының     Президенті

Қазақстан Республикасы  Президентінің      2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513 Жарлығымен    БЕКІТІЛГЕН       

"2005-2007 жылдарға арналған ҚазақстанРеспубликасында ғарыш қызметiн дамыту"МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы