Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Консультативтік қорытынды / 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың 2-бабының 1-тармағын түсіндіру туралы

2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың 2-бабының 1-тармағын түсіндіру туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың 2-бабының 1-тармағын түсіндіру туралы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 01-1/2-13 консультативтік қорытындысы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Соты мынадай құрамда: төрағалық етуші – ТМД Экономикалық Сотының Төрағасы Л.Э. Каменкова, ТМД Экономикалық Сотының судьялары: Э.Н. Нагорная, В.Х. Сейтимова, Бас кеңесші А.И. Анищенконың, Бас кеңесші А.В. Петровтың, ТМД Атқарушы комитетінің өкілі Н.К. Наумовичтің қатысуымен, сот отырысының хатшысы Т.Е. Медведеваның қатысуымен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінің түсіндіру туралы сұрау салуы бойынша істі ашық сот отырысында қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитеті Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотына (бұдан әрі – Экономикалық Сот, Сот) 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың (бұдан әрі – 2011 жылғы 18 қазандағы шарт, Шарт) 2-бабының 1-тармағын түсіндіру туралы сұрау салумен жүгінді.

Сұрау салуға профессор М.С. Кунявский атындағы Кәсіпкерлер мен жалдаушылардың бизнес одағының өтініші негіз болды. Аталған одақ Шарттың ережелеріне сәйкес тауарлардың еркін (тарифтік және тарифтік емес шектеулерсіз) қозғалысы шарттарын түсіндіруге мүдделі.

Профессор М.С. Кунявский атындағы Кәсіпкерлер мен жалдаушылардың бизнес одағы өзінің өтінішінде 2011 жылғы 18 қазандағы Шартқа 1-қосымшаның II бөлімі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумағынан Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетілетін тауарларға қатысты қолданылатын кедендік баждарды көздейтінін атап көрсетеді.

ТМД Атқарушы комитеті мынаны түсіндіруді сұрайды:

Кеден одағына мүше болып табылатын Шарт Тарапының кедендік аумағы деп басқа Тараптың кедендік аумағына арналған тауар экспортына және/немесе басқа Тараптың кедендік аумағынан шыққан тауар импортына қатысты кедендік баждар мен кедендік баждарға баламалы өзге де төлемдерді қолданбау мақсатында нені есептеу керек.

Баяндамашы судья Л.Э. Каменкованы, өтініш берушінің өкілі Н.К. Наумовичті тыңдап, Бас кеңесші А.И. Анищенко мен Бас кеңесші А.В. Петровтың қорытындыларын талқылап, 2011 жылғы 18 қазандағы Шарттың нормаларын, қатысушы мемлекеттердің кедендік реттеу саласындағы заңнамасын талдап, іс материалдарын зерделей отырып, ТМД Экономикалық Соты мынаны атап өтеді.

2011 жылғы 18 қазандағы Шарттың 2-бабының 1-тармағын түсіндіру 1969 жылғы 23 мамырдағы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының (бұдан әрі – 1969 жылғы Вена конвенциясы) 31-бабының 1-тармағында бекітілген халықаралық шарттарды түсіндірудің жалпы қағидасына сәйкес жүзеге асырылады. Атап айтқанда, шарт терминдеріне олардың мәнмәтінінде берілетін әдеттегі мағынаға, сондай-ақ шарттың объектісі мен мақсаттарына сәйкес адал ниетпен түсіндіріледі.

2011 жылғы 18 қазандағы Шартқа қатысушы мемлекеттер болып Армения Республикасы (2012 жылғы 17 қазаннан бастап), Беларусь Республикасы (2012 жылғы 20 қыркүйектен бастап), Қазақстан Республикасы (2012 жылғы 8 желтоқсаннан бастап), Молдова Республикасы (2012 жылғы 9 желтоқсаннан бастап), Ресей Федерациясы (2012 жылғы 20 қыркүйектен бастап) және Украина (2012 жылғы 20 қыркүйектен бастап) табылады. Осы Шартқа қол қойған Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы үшін ол күшіне енген жоқ.

2013 жылғы 31 мамырда 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы Хаттамаға қол қойылды, алайда ол күшіне енген жоқ.

2011 жылғы 18 қазандағы Шарттың преамбуласынан көрініп тұрғандай, оның мақсаты тауарлардың еркін қозғалысы үшін жағдайлар қалыптастыру болып табылады. Бұл ретте Шарт Тараптары еркін сауда аймағының тиісінше әрі тиімді жұмыс істеуін, әлемдік экономикаға және халықаралық сауда жүйесіне интеграциялануды қамтамасыз ету қажеттігін негізге алады.

Шарттың 2-бабының 1-тармағына сәйкес: «Тарап басқа Тараптың кедендік аумағына арналған тауар экспортына және/немесе басқа Тараптың кедендік аумағынан шыққан тауар импортына қатысты осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшада көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік баждар мен кедендік баждарға баламалы өзге де төлемдерді қолданбайды».

Шарттың түсіндіріліп отырған нормасы еркін сауда аймағының жұмыс істеуінің негізгі шартын – Тараптар арасындағы сауда қатынастарында тарифтік шектеулерді қолданбауды реттейді. Шарт Тараптары арасындағы еркін сауда аймағы шеңберіндегі тауар саудасында кедендік баждар мен кедендік баждарға баламалы өзге де төлемдерді қолдануға тыйым салумен қатар, осы Шарттың 1-қосымшасында көрсетілген жекелеген жағдайларда ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде тауарлардың белгілі бір түрлерінің импорты мен экспортына қатысты кедендік баждар қолданылады.

2011 жылғы 18 қазандағы Шарттың 2-бабының 1-тармағының ережелерінің мәнмәтінінен экспорт кезінде тауардың басқа Тараптың кедендік аумағына арналатыны, ал импорт кезінде бұл тауардың басқа Тараптың кедендік аумағынан шығатыны аңғарылады.

Шарттың 1-бабының 1-тармағына сәйкес тауар импорты дегеніміз – тауарларды кері әкету міндеттемесінсіз Тараптың кедендік аумағына әкелу, ал тауар экспорты дегеніміз – тауарларды кері әкелу міндеттемесінсіз Тараптың кедендік аумағынан әкету.

Осыған байланысты Экономикалық Сот экспортқа да, импортқа да тауардың бір кедендік аумақтан екінші кедендік аумаққа орын ауыстыруы тән екенін атап өтеді және Шарттың 2-бабының 1-тармағын түсіндіру кезінде осы қағиданы ескереді. Соттың пікірінше, түсіндіріліп отырған норманы қолдану аясы – тауар бір Тараптың кедендік аумағынан әкетілген және/немесе еркін сауда аймағы шеңберінде басқа Тараптың кедендік аумағына әкелінген жағдайда Шарттың екі Тарапы арасындағы сауда қатынастары.

2011 жылғы 18 қазандағы Шарттың Тараптары болып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер табылады. Олардың арасындағы сауда қатынастары Шартта жекелеген қатысушы мемлекеттердің Кеден одағы шеңберінде неғұрлым тығыз экономикалық интеграцияға көшу жағдайындағы еркін сауда аймағының жұмыс істеу ерекшеліктерін ескере отырып айқындалған. Шартқа қол қойылған кезде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі Кеден одағының (бұдан әрі – Кеден одағы) мүшелері болып табылды және Кеден одағының Бірыңғай кедендік аумағын құрды.

Экономикалық Сот 2011 жылғы 18 қазандағы Шарттың 18-бабының ережелерін назарға алады. Оған сәйкес Шарт Тараптардың ДСҰ қағидаларына, атап айтқанда, 1994 жылғы ГАТТ-тың XXIV бабына сәйкес кеден одағы, еркін сауда және/немесе шекара маңы саудасы туралы келісімдерге қатысуына кедергі келтірмейді. Осы бапта Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауының Кеден одағына мүшеліктен туындайтын міндеттемелермен арақатынасы мәселелері реттелген.

Атап айтқанда, 18-баптың 2-тармағында Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы болып табылатын Шарт Тараптары арасындағы қатынастарда Шарттың ережелері Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға, сондай-ақ Кеден одағы органдары қабылдаған және солардың негізінде қабылданған шешімдерге әрі Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушылар арасында жасалған екіжақты шарттарға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылатыны белгіленген.

Шарт Тараптарының бірі Кеден одағына қатысатын сауда қатынастарына келетін болсақ, Шарттың 18-бабының 3-тармағына сәйкес оның Шарттың 18-бабының 1 және 2-тармақтарында аталған халықаралық шарттарға қатысуы оның осындай шарттарға қатысушы болып табылмайтын басқа Тарап алдындағы осы Шарт бойынша құқықтарын шектемейді және міндеттемелерінен босатпайды (6-қосымша).

Экономикалық Сот Шарттың 18-бабының 3-тармағындағы нұсқамалар 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың 2-бабының 1-тармағында реттелген кедендік баждар мен кедендік баждарға баламалы төлемдерді қолдану/қолданбау мәселелері бойынша Шарт Тараптарының сауда қатынастарына таралады деп есептейді.

Шарттың 2-бабының 1-тармағы шеңберінде Тараптардың уағдаластықтарын жан-жақты және толық зерделеу мақсатында Экономикалық Сот Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшаға жүгінуді қажет деп санайды.

1-қосымшаның «Шарттың 2-бабына сәйкес ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде тауарлар экспортына қатысты қолданылатын кедендік баждар» деп аталатын II бөлімінде Беларусь Республикасының (тек шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне қатысты), Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумақтарынан Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерге тауарлар әкету кезінде қолданылатын кедендік баждар айқындалған. Бұл ретте аталған Тараптардың әрқайсысы үшін тауар позицияларының жеке тізбелері және оларға сәйкес әкету кедендік баждарының мөлшерлемелері белгіленген.

Шарт Тараптарының осындай тәсілін қарастыра отырып, ТМД Экономикалық Соты Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы тауарды әкету кезінде өз аумақтарын белгілейтінін, бұл ретте тауардың Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетілетінін көрсететінін атап өтеді.

1-қосымшаның аталған II бөлімінде Кеден одағына қатыспайтын Шарт Тарапы – Украинадан тауар экспортына қатысты тауардың межелі елі болып Шарттың басқа Тарапы табылады. Бұл ретте әрбір мемлекет, оның ішінде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы бойынша тауар позицияларының нақты тізбелері мен әкету кедендік баждарының мөлшерлемелері белгіленген.

Экономикалық Сот тауарлар импортына қатысты кедендік баждарды белгілеу кезінде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Украинамен қатынастарда тауар әкелінетін мемлекеттер және тауар шығарылатын мемлекеттер ретінде жеке-жеке қарастырылатынын да назарға алады (1-қосымшаның I бөлімі).

1-қосымшада «Кеден одағының кедендік аумағы» арнайы терминологиясының пайдаланылуы Экономикалық Сотқа 1969 жылғы Вена конвенциясының 31-бабы 3-тармағының c) тармақшасына сәйкес Шарттың мәнмәтінімен қатар түсіндіру кезінде «қатысушылар арасындағы қатынастарда қолданылатын халықаралық құқықтың кез келген тиісті нормаларын» ескеруге негіз береді.

Бұл жағдайда Сот 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа қосымша болып табылатын Кеден одағының Кеден кодексінің 2-бабының 1-тармағының ережелерін ескереді (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы үшін күшіне енген). Аталған тармаққа сәйкес: «Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағын (бұдан әрі – Кеден одағының кедендік аумағы) Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумақтары, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан тыс орналасқан, оларға қатысты Кеден одағына мүше мемлекеттер айрықша юрисдикцияға ие жасанды аралдар, қондырғылар, құрылыстар және өзге де объектілер құрайды».

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кеден қызметтерінің ақпаратынан Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағы құрылғаннан кейін ұлттық заңнамаларда «Қазақстан Республикасының кедендік аумағы» және «Ресей Федерациясының кедендік аумағы» деген ұғымдар пайдаланылмайтыны көрінеді.

Мәселен, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексінің 4-бабында Кеден одағының кедендік аумағы ұғымы берілген. Аталған Кодекстің 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (реттеу) деп Кеден одағының кедендік аумағының бір бөлігіндегі қатынастарды (Қазақстан Республикасының аумағын) реттеу танылады (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің 2013 жылғы 8 тамыздағы № КБК-11-23/8982 хаты).

Ресей Федерациясының 2010 жылғы 27 қарашадағы № 311-ФЗ «Ресей Федерациясындағы кедендік реттеу туралы» Федералдық заңының 5-бабында мынадай терминдердің анықтамалары берілген: «тауарларды Ресей Федерациясына әкелу», «тауарларды Ресей Федерациясынан әкету», «тауарларды Ресей Федерациясынан Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкету». Ресей Федерациясының 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт күшіне енгеннен кейін жасалған халықаралық шарттарында «Ресей Федерациясының аумағы» ұғымы пайдаланылады (Ресей Федерациясы Федералдық кеден қызметінің 2013 жылғы 12 шілдедегі № 01-19/30100 хаты).

Беларусь Республикасы Кеден кодексінің 3-бабына сәйкес Беларусь Республикасының аумағы Беларусь Республикасының бірыңғай кедендік аумағын құрайды, ал кедендік аумақтың шектері Беларусь Республикасының Мемлекеттік шекарасымен сәйкес келетін кедендік шекара болып табылады. Халықаралық шарттарды практикалық іске асыру кезінде Беларусь Республикасының кедендік аумағы Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына кіретіні көзделеді (Беларусь Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 09/9295 хаты).

Кеден одағына қатыспайтын Шарттың басқа Тараптарының заңнамаларында тиісті мемлекеттің «кедендік аумағы» ұғымы бекітілген (Армения Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кірістер комитетінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 3-6/12875-13 хаты; Молдова Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден қызметінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 28/01-8796 хаты; Украина Кірістер мен алымдар министрлігінің 2013 жылғы 18 шілдедегі № 8228/5/99-99-24-02-07-16 хаты).

Жоғарыда баяндалғандар Экономикалық Сотқа «кедендік аумақ» ұғымының қолданылуы Шарт Тарапының Кеден одағына қатысуына байланысты ерекшеліктері бар деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Кеден одағына қатыспайтын Тараптың кедендік аумағынан тауар экспортталған кезде бұл тауар Кеден одағына қатысатын Тараптың аумағына арналады, ал импорт кезінде Кеден одағына қатысатын Тараптың аумағынан шыққан тауар Кеден одағына қатыспайтын Тараптың кедендік аумағына әкелінеді.

Бұл ретте Шарттың 4-бабының ережелерін де назарға алу қажет. Аталған баптың 1-тармағына сәйкес: «Тараптардан шыққан және олардың арасындағы сауда айналымында жүрген тауарлардың шығарылған елін айқындау үшін Тараптар 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларын басшылыққа алады».

Қағидалардың 2.1-тармағында «тауардың шығарылған елі деп тауар толық өндірілген немесе осы Қағидаларға сәйкес жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен Келісімге қатысушы мемлекет есептеледі» деп көзделген. Тауардың шығарылған елінің өлшемшарттарына сәйкестігінен басқа, Қағидаларда Келісімге қатысушы мемлекеттердің кедендік аумақтарында тауардың еркін сауда режимін пайдалану шарттары айқындалған.

Өтініш берушінің Кеден одағына мүше болып табылатын Шарт Тарапының кедендік аумағы деп басқа Тараптың кедендік аумағына арналған тауар экспортына және/немесе басқа Тараптың кедендік аумағынан шыққан тауар импортына қатысты кедендік баждар мен кедендік баждарға баламалы өзге де төлемдерді қолданбау мақсатында нені есептеу керек деген мәселесіне қатысты Экономикалық Сот «кедендік аумақ» ұғымын қолдану ерекшеліктерін ескереді және Шартқа 1-қосымшаның II бөлімінің мазмұнына сүйенеді. Онда Кеден одағына қатысатын Шарт Тараптары тауарды әкету кезінде өз аумақтарын белгілеп, бұл ретте тауардың Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетілетінін көрсетеді. Импорт кезінде Кеден одағына қатыспайтын Тараптың кедендік аумағынан шыққан тауар Кеден одағына қатысатын Шарт Тарапының аумағына арналады.

Бұл тәсіл кедендік баждар мен кедендік баждарға баламалы өзге де төлемдерді қолданбау мақсаттары үшін де, сондай-ақ осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшада көзделген алып тастаулар үшін де ортақ болып табылады.

Баяндалғандардың негізінде және ТМД Экономикалық Соты туралы ереженің 5, 16-тармақтарын және ТМД Экономикалық Соты Регламентінің 127¹, 143-тармақтарын басшылыққа ала отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Соты

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінің сұрау салуы бойынша 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың 2-бабының 1-тармағын қолдануға қатысты мынадай түсіндірме берілсін.

1. 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың 2-бабының 1-тармағының нормасы еркін сауда аймағының жұмыс істеуінің негізгі шарты – осы Шарттың Тараптары арасындағы сауда қатынастарында тарифтік шектеулерді қолданбауды реттейді.

Еркін сауда режимінен алып тастаулар осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшада белгіленген. 1-қосымшада көрсетілген жекелеген жағдайларда ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде тауарлардың белгілі бір түрлерінің импорты мен экспортына қатысты кедендік баждар қолданылады.

2. 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың 18-бабының 3-тармағының нормасына сәйкес Тараптың осы Шарттың 18-бабының 1 және 2-тармақтарында аталған халықаралық шарттарға қатысуы оның осындай шарттарға қатысушы болып табылмайтын басқа Тарап алдындағы осы Шарт бойынша құқықтарын шектемейді және міндеттемелерінен босатпайды (6-қосымша).

2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың 18-бабының 3-тармағындағы нұсқамалар, егер Тараптардың бірі Кеден одағына қатысатын болса, осы Шарттың 2-бабының 1-тармағында реттелген кедендік баждар мен кедендік баждарға баламалы төлемдерді қолдану/қолданбау мәселелері бойынша Шарт Тараптарының сауда қатынастарына қолданылады.

3. 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың 2-бабының 1-тармағы мәнмәтініндегі «кедендік аумақ» ұғымын қолданудың Шарт Тарапының Кеден одағына қатысуына байланысты ерекшеліктері бар.

Кеден одағына қатыспайтын Тараптың кедендік аумағынан тауар экспортталған кезде бұл тауар Кеден одағына қатысатын Тараптың аумағына арналады, ал импорт кезінде тауар Кеден одағына қатысатын Тараптың аумағынан шығып, Кеден одағына қатыспайтын Тараптың кедендік аумағына әкелінеді.

Кеден одағына қатысатын Шарт Тарапының аумағынан тауар экспортталған жағдайда, осы Шартқа 1-қосымшаның II бөлімінде көрсетілгендей, тауар Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетіледі.

Импорт кезінде Кеден одағына қатыспайтын Тараптың кедендік аумағынан шыққан тауар Кеден одағына қатысатын Шарт Тарапының аумағына арналады.

Бұл тәсіл кедендік баждар мен кедендік баждарға баламалы өзге де төлемдерді қолданбау мақсаттары үшін де, сондай-ақ осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшада көзделген алып тастаулар үшін де ортақ болып табылады.

4. Консультативтік қорытындының көшірмесі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетіне және мәлімет үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтеріне жіберілсін.

5. Консультативтік қорытынды 1992 жылғы 6 шілдедегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотының мәртебесі туралы Келісімге қатысушы мемлекеттердің Достастық басылымдарында және бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға жатады.

Төраға                                                     Л.Э. Каменкова

ТМД Экономикалық Сотыныңұйымдастыру жұмысы және қамтамасыз етубөлімінің бастығы                                     И.А. Малашенко

2013 жылғы 28 желтоқсан

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Әріптестік туралы меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсіндірме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар