Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабы екінші бөлігінің, 852-бабы бірінші бөлігінің және 855-бабы үшінші бөлігі 2) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 12-НҚ нормативтік қаулысы

2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабы екінші бөлігінің, 852-бабы бірінші бөлігінің және 855-бабы үшінші бөлігі 2) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 12-НҚ нормативтік қаулысы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді
  • 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабы екінші бөлігінің, 852-бабы бірінші бөлігінің және 855-бабы үшінші бөлігі 2) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы

  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 12-НҚ нормативтік қаулысы

  •       Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төраға Э.Ә. Азимова, судьялар А.Қ. Ескендіров, Қ.Т. Жақыпбаев, А.Е. Жатқанбаева, А.Қ. Қыдырбаева, Қ.С. Мусин, Б.М. Нұрмұханов, Е.Ә. Оңғарбаев, Р.А. Подопригора, Е.Ж. Сәрсембаев және С.Ф. Ударцев қатысқан құрамда,

  •       өтініш субъектісі С.О. Жунусованың өкілі – адвокат Ж.О. Дюсембаеваның,

  •       Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі – депутат А.С. Арғынбекованың,

  •        Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі – төрағаның бірінші орынбасары Д.М. Малаховтың,

  •       Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі – вице-министр А.Қ. Мұқанованың,

  •        Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі – Бас Прокурордың кеңесшісі Т.Б. Адамовтың қатысуымен,

  •        өзінің ашық отырысында Сауле Орынбаевна Жунусованың 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚбК) 811-бабы екінші бөлігінің, 852-бабы бірінші бөлігінің және 855-бабы үшінші бөлігі 2) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарады.

  •       Баяндамашы – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Р.А. Подопригораның хабарламасын тыңдап, конституциялық іс жүргізу материалдарын зерделеп, халықаралық тәжірибеге, Қазақстан Республикасының және жекелеген шет елдердің заңнамасына талдау жасай отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

  •  анықтады:

  •        Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына С.О. Жунусованың ӘҚбК-нің 811-бабының екінші бөлігін, 852-бабының бірінші бөлігін және 855-бабы үшінші бөлігінің 2) тармақшасын Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабына және 14-бабының 1-тармағына сәйкес келмейді деп тану туралы өтініші келіп түсті.

  •        2022 жылғы 21 сәуірде С.О. Жунусова әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу (ӘҚбК-нің 42-тарауы) тәртібімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Істі Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің лауазымды адамы қозғаған. С.О. Жунусова айыппұлды жеті тәулік ішінде ӘҚбК-нің Ерекше бөлігі тиісті бабының санкциясында көрсетілген соманың елу пайызы мөлшерінде ерікті түрде төлеген. ӘҚбК-нің 811-бабының екінші бөлігіне сәйкес мұндай жағдайда іс мәні бойынша қаралды, шешім заңды күшіне енді, ал адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды деп есептеледі. Осы бөлікте, ӘҚбК-нің істерді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы айтылатын 47-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралған істер қайта қарауға жатпайды деп бекітілген.

  •       Кейінірек С.О. Жунусова өзінің әрекеттерінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы жоқ деп есептейді, соған байланысты ол Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне материалдарды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінішпен жүгінеді. Қарау нәтижелері бойынша 2022 жылы 7 қазанда аталған органның қаулысымен С.О. Жунусоваға өтінішін қанағаттандырудан бас тартылады. Мемлекеттік органның пікірі бойынша, С.О. Жунусованың жаңадан ашылған мән-жайлар жөніндегі дәлелдері расталмаған.

  •        С.О. Жунусова жоғарыда аталған қаулыға Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына шағым береді. 2022 жылы 19 желтоқсанда сот С.О. Жунусованың шағымын қанағаттандырып, мемлекеттік орган қаулысының күшін жояды. Бұл ретте сот ӘҚбК-нің 811-бабының екінші бөлігіне, 852-бабына және 855-бабы үшінші бөлігінің 2) тармақшасына сілтеме жасай отырып, іс жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға жатпаған деп есептейді. Өтініш конституциялық іс жүргізуге қабылданғаннан кейін Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы (2023 жылғы 9 наурыздағы қаулысы) аталған қаулының күшін жояды, ал Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2022 жылғы 7 қазандағы шешімі өзгеріссіз қалдырылады.

  •        Өтініш субъектісі өзін істі, оның ішінде жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау құқығынан айыратын, ӘҚбК-нің 811-бабының екінші бөлігі, 852-бабының бірінші бөлігі және 855-бабы үшінші бөлігінің 2) тармақшасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабына және 14-бабының 1-тармағына сәйкес келмейді деп есептейді, соған байланысты оларды конституциялық емес деп тануды сұрайды.

  •        Өтініш нысанасына қатысты ӘҚбК-нің 811-бабы екінші бөлігінің, 852-бабы бірінші бөлігінің және 855-бабы үшінші бөлігі 2) тармақшасының конституциялылығын тексерген кезде Конституциялық Сот мыналарды негізге алады.

  •       Мұндай екіжақты сипат әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша соттан тыс іс жүргізуде жалпықұқықтық қағидаттардың және конституциялық құқықтарды қоса алғанда, азаматтар құқықтарының, сондай-ақ процестік қызметке жататын, оның ішінде ӘҚбК-де тікелей бекітілген арнайы қағидаттардың (2-тарау) сақталуын жоққа шығармайды.

  •        Мәселен, өзінің құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғау құқығы (Конституцияның 13-бабының 1-тармағы) әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау тәсілін еркін таңдауын болжайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша соттан тыс іс жүргізу кезінде бұл құқық уәкілетті органдар шығарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыға жоғары тұрған уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасауға, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз беруге, прокуратура органдарына жүгінуге мүмкіндік береді.

  •        Өзінің құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалу құқығы (Конституцияның 13-бабының 2-тармағы) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу барысында уәкілетті органдардың актілері мен әрекеттеріне сотқа шағым жасау, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз беру мүмкіндігін көздейді.

  •        Конституциялық ережені дамыту үшін ӘҚбК-де 24-бап бар, оған сәйкес әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Мүдделi тұлға бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн заңда белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

  •        Конституциялық тең болу қағидаты (Конституцияның 14-бабы) ӘҚбК-нің 9-бабында қайталанады: "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізу барысында заң мен сот алдында бәрі тең. Тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды". Осылайша, бұл қағидат ӘҚбК-нің тиісті ережелерін тұжырымдау кезінде де, құқық қолдану практикасы процесінде де міндетті түрде сақталуға тиіс.

  •       ол айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін айыппұлға қатысты ғана қолданылады;

  •       құқық бұзушылық жасаған адамның анықталуы;

  •       адамның құқық бұзушылық жасау фактісін мойындауы;

  •       адамның ӘҚбК-нің Ерекше бөлігі бабының санкциясында көрсетілген соманың елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеуге келісуі;

  •       адамның ұсынылған дәлелдемелерге шағым жасамауы;

  •       құқық бұзушылық үшін санкция ескертуден өзге, басқа өндіріп алу түрлерін көздей алмайды;

  •       адамның артықшылықтарға және иммунитетке ие болмауы.

  •       Қысқартылған іс жүргізу кейбір іс санаттары (мемлекеттік кіріс органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қарайтын іс) бойынша мүмкін емес.

  •        Сондай-ақ, қысқартылған іс жүргізуде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы сияқты процестік құжат шығарылмайды, бұл ӘҚбК-де адамды әкімшілік жауаптылыққа тарту жағдайларының көпшілігі үшін көзделген.

  •        ӘҚбК-нің 811-бабының екінші бөлігіне сәйкес айыппұлды көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде жеті тәулік ішінде төлеген жағдайда іс мәні бойынша қаралды, шешім заңды күшіне енді, ал адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды деп есептеледі.

  •        Арнайы процестік құжатқа нұсқаудың болмауы жауаптылыққа тарту туралы шешім жоқ дегенді білдірмейді. ӘҚбК-нің 811-бабы екінші бөлігінің өзі заңды күшіне енген шешімді ескертеді. Мұндай шешім конклюденттік нысанда, яғни уәкілетті органның лауазымды адамының белгілі бір әрекеттерді жасауы: құқық бұзушылық және өндіріп алу туралы хабарлау, деректерді ақпараттық жүйелерге енгізу, қысқартылған іс жүргізу негіздері мен тәртібін түсіндіру, әкімшілік айыппұл төлегені туралы түбіртек беру (қажет болған жағдайда) арқылы қабылданады. Ұқсас әрекеттерді жалпы тәртіппен жүзеге асырылатын іс жүргізуде шығарылатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы алмастырады.

  •        Әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелген жағдайда, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама шығарылады. Бұл нұсқама көлік құралының меншiк иесiне (иесiне) жіберіледі немесе табыс етіледі. Нұсқамамен бірге белгіленген үлгідегі түбіртек жеткізіледі (ӘҚбК-нің 811-бабының бірінші бөлігі). Ұқсас жағдайларда, қысқартылған іс жүргізудің өзінде іс бойынша шешім нұсқама түрінде (яғни жазбаша құжат нысанында) ресімделеді.

  •       Осылайша, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібіне уәкілетті органның шешімі болады, ол не конклюденттік нысанда, не нұсқама нысанында шығарылады. Адамның жалпы немесе қысқартылған іс жүргізу тәртібін таңдауы одан әрі іс жүргізу сатыларындағы оның құқықтық мүмкіндіктеріне себепші болады.

  •       Бұл ретте, егер адам қысқартылған іс жүргізу тәртібінен бас тартса, шешім анағұрлым кеш мерзімге ауыстырылады және жалпы тәртіппен жүзеге асырылатын іс жүргізу шеңберінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы нысанында қабылданады. Әкімшілік құқық бұзушылық сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелген жағдайда, шешім (нұсқама) кеш мерзімге ауыстырылмайды, бірақ жеңілдікпен төлеу үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін айыппұл сомасы ұлғаяды.

  •       Сонымен бірге, заң адамды қысқартылған іс жүргізу тәртібінің қатысушысы болуға мәжбүрлемейді. Айыппұл сомасының елу пайызын төлеу түріндегі жеңілдік ынталандырады, бірақ адамды осындай тәртіпті пайдалануға міндеттемейді. ӘҚбК баламаны: іс жүргізудің барлық сатысын, оның ішінде сотта шағым жасауды қамтитын жалпы іс жүргізу тәртібін ұсынады. Қысқартылған немесе жалпы іс жүргізу тәртібі туралы шешімді адамның өзі қабылдайды. Бұдан басқа, ӘҚбК адамға қандай (жалпы немесе қысқартылған) тәртіпті пайдалану туралы шешім қабылдау үшін уақыт аралығын береді.

  •       Адам шешімді қайта қарау мүмкіндігінің болмауын қоса алғанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібін таңдау салдары туралы білген, адамның тәртіп түрін, оның ішінде сот арқылы қорғалуға жүгінуге мүмкіндік беретін түрін таңдауы болған кезде шешімді қайта қарау мүмкіндігінің болмауын өзінің құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғау конституциялық құқығын, сондай-ақ сот арқылы қорғалу құқығын бұзу деп тануға негіздер жоқ.

  •        Бұл ретте ӘҚбК-нің 855-бабы екінші бөлігінің 3) тармақшасында жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз иесі өтінішхат беретін акт жайында айтылады. Яғни, ӘҚбК-нің өзінде осы мысалда "акт" деген анағұрлым кең ұғым қосыла отырып, түрлі терминология пайдаланылады. Бұдан басқа, айтып өтілгендей, қысқартылған іс жүргізуге (құқық бұзушылық сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелген жағдайда) нұсқама шығарылуы мүмкін, бұл да жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға жүгіну құқығын береді.

  •        Қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылатын істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау құқығы ӘҚбК-нің 811-бабының екінші бөлігінде тікелей көзделген деген ереже принципті болып табылады. Осы бөлікте іс бойынша заңды күшіне енген шешім туралы айтылады.

  •        Осылайша, ӘҚбК-нің 852-бабының бірінші бөлігі және 855-бабы үшінші бөлігінің 2) тармақшасы ӘҚбК-нің 811-бабының екінші бөлігімен сәйкес келмейтіні анық, бұл іс жүргізу материалдарынан түсінуге болатындай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге алып келеді.

  •        Мәселен, ӘҚбК-нің 10-бабының (кiнәсiздiк презумпциясы қағидаты) үшінші бөлігіне сәйкес кiнәлiлiкке келтiрiлген кез келген күмәндар өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған тұлғаның пайдасына түсiндiрiледi. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану кезiнде туындайтын күмәндар да оның пайдасына шешiлуге тиiс.

  •       Осылайша, ӘҚбК-нің түрлі нормаларының сәйкес келмеушілігі азаматтардың конституциялық құқықтарының да, ӘҚбК-де тікелей көзделген істі қайта қарау құқығының да бұзылуына алып келмеуге тиіс. Уәкілетті орган немесе сот процестік тұрғыда бұл мәселенің реттелмегенін немесе жеткілікті деңгейде реттелмегенін негізге алып құқықтық норманы (істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарау құқығы) қолданудан бас тарта алмайды.

  •        Осы жазылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 3-тармағын және 74-бабының 3-тармағын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабы 4-тармағының 3) тармақшасын, 55 – 58, 62-баптарын, 63-бабының 3 және 4-тармақтарын, 64-бабының 4-тармағын және 65-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

  •  қаулы етеді:

  •       іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешім уәкілетті органның лауазымды адамының конклюденттік әрекеттерді жүзеге асыруы: құқық бұзушылық және өндіріп алу туралы хабарлау, деректерді ақпараттық жүйелерге енгізу, қысқартылған іс жүргізу негіздері мен тәртібін түсіндіру, белгіленген үлгідегі түбіртекті беру (қажет болған жағдайда) арқылы ресімделеді. Мұндай әрекеттер жалпы тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз болатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қорытынды акт шығаруға теңестіріледі. Әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелген жағдайда, шешім нұсқама нысанында да болуы мүмкін;

  •        Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 852-бабының бірінші бөлігінде және 855-бабы үшінші бөлігінің 2) тармақшасында қысқартылған іс жүргізу тәртібімен конклюденттік нысанда қабылданатын шешім туралы ескертпенің болмауы осы іс жүргізу тәртібімен жауаптылыққа тартылған адамды істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау құқығынан айырмайды.

  •       Қазақстан Республикасының

     

    Конституциялық Соты

  • © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

  • Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы