Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Шешім / 2027 жылға арналған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарына 2015 жылғы 29 мамырдағы бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы Еркін сауда туралы келісімге сәйкес әкелінетін, Вьетнам Социалистік Республикасынан шыққан ұзын дәнді күріштің жекелеген түрлеріне қатысты тарифтік квота көлемдерін белгілеу туралы

2027 жылға арналған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарына 2015 жылғы 29 мамырдағы бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы Еркін сауда туралы келісімге сәйкес әкелінетін, Вьетнам Социалистік Республикасынан шыққан ұзын дәнді күріштің жекелеген түрлеріне қатысты тарифтік квота көлемдерін белгілеу туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2027 жылға арналған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарына 2015 жылғы 29 мамырдағы бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы Еркін сауда туралы келісімге сәйкес әкелінетін, Вьетнам Социалистік Республикасынан шыққан ұзын дәнді күріштің жекелеген түрлеріне қатысты тарифтік квота көлемдерін белгілеу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 25 тамыздағы № 109 шешімі.

2015 жылғы 29 мамырдағы бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы Еркін сауда туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 2-тарауына және Келісімге № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

  1. 2027 жылға арналған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) аумақтарына Келісімге сәйкес әкелінетін, Вьетнам Социалистік Республикасынан шыққан ұзын дәнді күріштің жекелеген түрлеріне қатысты тарифтік квота көлемдері (бұдан әрі тиісінше – тарифтік квота, ұзын дәнді күріш) қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  2. Тарифтік квота ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылатын ұзын дәнді күрішке қатысты қолданылатыны белгіленсін.
  3. Мүше мемлекеттерге:

осы Шешімнің 1-тармағында белгіленген тарифтік квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында өз заңнамасына сәйкес бөлуді жүзеге асыру;

уәкілетті атқарушы билік органдарына ұзын дәнді күрішті импорттауға лицензиялар беруді жүзеге асыру тапсырылсын.

  1. Мүше мемлекеттерден:

қажет болған жағдайда, белгіленген тарифтік квота көлемдерінің пайдаланылмаған бөлігін мүше мемлекеттер арасында бөлу бөлігінде осы Шешімге өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды 2027 жылғы 1 маусымнан кешіктірмей Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына ұсыну;

2027 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияны осы Шешімнің 1-тармағында белгіленген тарифтік квота көлемдерінің пайдаланылған бөлігі туралы, сондай-ақ 2027 жылдың соңына дейін белгіленген тарифтік квота көлемдерінің игерілу болжамдары туралы хабардар ету сұралсын.

  1. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының ТөрағасыБ. Сағынтаев
 Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 25 тамыздағы № 109 шешіміне қосымша

КӨЛЕМДЕР

2015 жылғы 29 мамырдағы бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы Еркін сауда туралы келісімге сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарына әкелінетін, Вьетнам Социалистік Республикасынан шыққан ұзын дәнді күріштің жекелеген түрлеріне қатысты 2027 жылға арналған тарифтік квота көлемдері

Скачать

 

Тауардың атауы

 

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

 

Тарифтік квота көлемдері (тонна)

 

Армения Республикасы

 

Беларусь Республикасы

 

Қазақстан Республикасы

 

Қырғыз Республикасы

 

Ресей Федерациясы

Толық ақталған, булап өңделген, ұзындығының еніне қатынасы 3-ке тең немесе одан жоғары ұзын дәнді күріш 

1006 30 670 1

 

250

 

2 200

 

0

 

0

 

7 550

Толық ақталған, өзге де, ұзындығының еніне қатынасы 3-ке тең немесе одан жоғары ұзын дәнді күріш 

1006 30 980 1

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Төрелік Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар