21-бап. Аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi Аудиторлық қызмет туралы Заңы
1. Аудиторлық ұйымдар:
1) аудит жүргiзу әдiстерiн дербес анықтауға;
2) аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын сұратуға және тексеруге;
2-1) салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, банктерден, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарынан және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, сондай-ақ өзге де ұйымдардан аудиттелетін субъектіге қатысты мәліметтерді сұратуға;
2-2) өзге ақпарат аудитін жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн ішкі саясат пен рәсімдер, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі, ақпараттық технологиялардың тәуекелдерін басқару жүйесі, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі, корпоративтік басқару жүйесі, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) , терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесі бойынша қажеттi құжаттаманы сұратуға және тексеруге;
3) осы Заңның 24-бабында көрсетiлген тұлғаларды қоспағанда, әр түрлi бейiндегi мамандарды аудит жүргiзуге қатысуға шарттық негiзде тартуға;
4) аудиттелетiн субъект аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргiзуге арналған шарттың талаптарын бұзған жағдайда аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргiзуден не аудиторлық есептi немесе аудиторлық қорытындыны беруден бас тартуға;
5) аудиттелетiн субъектiнiң қаржы-шаруашылық қызметтерiне байланысты құжаттамаларды толық көлемде, сондай-ақ осы құжаттамада есепке алынған мүлiктiң нақты бар-жоғын тексеруге;
6) прокуратура, қылмыстық қудалау органдарына және сотқа қорытындылар беруге құқылы.
2. Аудиторлық ұйымдар:
1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтауға;
2) сапаны сыртқы бақылаудың жүргізілуіне немесе уәкілетті орган жүргізетін тексерулерге кедергі жасамауға;
3) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған немесе кәсіби ұйымнан ерікті түрде шыққан немесе одан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде кәсіби ұйымға кіруге;
4) өздері мүшелері болып табылатын кәсіби ұйымды аккредиттеуден айырған кезде үш ай ішінде басқа кәсіби ұйымға кіруге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық құпияны жария етпеуге;
6) аудиттелетін субъектіге бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беруге міндетті.
Аудиторлық ұйымдар мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік кәсіпорындарда, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларда аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізген жағдайда аудиттелетін субъектіге бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану кезінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпаратты да беруге міндетті;
7) өздері үшін аудит жүргізу міндетті болып табылатын қаржы ұйымдарына, банктік конгломерат құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға аудит жүргізу нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы аудиттелетін субъектілерді хабардар ете отырып, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға хабарлауға;
8) уәкілетті органға лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес есептілікті, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты табыс етуге;
9) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуға;
9-1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны аудиттелетін субъектінің орналасқан жеріндегі мемлекеттік кіріс органына ұсынуға;
9-2) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы айқындайтын тәртіппен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды ұсынуға;
10) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді хабарлауға;
11) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға;
12) коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға ашып көрсетуге (беруге) міндетті.
3. Мемлекеттiк органдардың, аудиттелетiн субъектiлердiң және кез келген үшiншi тұлғалардың аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтi жүзеге асыру процесiнде мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар, кәсiби аудиторлық ұйымдар және аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы