Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 21-бап. Эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) қалыптастыру және (немесе) толықтыру Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы Заңы

21-бап. Эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) қалыптастыру және (немесе) толықтыру Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

21-бап. Эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) қалыптастыру және (немесе) толықтыру Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы Заңы 

      1. Эндаумент-қор (нысаналы капитал) құрылтай құжатында және (немесе) қамқоршылық кеңестің эндаумент-қор (нысаналы капитал) құру туралы шешімінде белгіленген талаптарда сыйға тарту, қайырмалдық немесе нысаналы салым шартының (шарттарының), сондай-ақ өсиеттің, нысаналы капитал қоры құрылтайшылары жарналарының, ерікті қайырмалдықтардың, инвестициялық кірістердің негізінде ұлттық және шетел валютасындағы ақша, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, бағалы қағаздар, ұлттық валютадағы ақшалай бағасы бар өзге де мүлік және мүліктік құқықтар есебінен қалыптастырылады және (немесе) толықтырылады.

      2. "Қайырымдылық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайырымдылық объектілерін қаржыландыруға арналған қайырмалдықтарды эндаумент-қор (нысаналы капитал) активтерінің құрамына енгізуге жол берілмейді.

      3. Эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) оны өзге эндаумент-қорларға (нысаналы капиталдарға) қатысты сәйкестендіретін және пайда алушының атын немесе атауын қамтитын жеке атауы болуға тиіс.

      Эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) жеке сәйкестендіруші атаусыз қалыптастыруға жол берілмейді.

      4. Нысаналы салым шарты шеңберінде берілген мүлікті қоспағанда, эндаумент-қорға (нысаналы капиталға) енгізілген мүлік нысаналы капитал қорының меншігіне айналады.

      5. Эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлікпен қалыптастыруға және (немесе) толықтыруға жол берілмейді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтері есебінен жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен жасалатын "репо" операцияларына қолданылмайды.

      6. Нысаналы капитал қоры сенімгерлік басқару шарттарының негізінде, сондай-ақ сыйға тарту, қайырмалдық немесе нысаналы салым шартында (шарттарында), сондай-ақ өсиетте эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) қалыптастырудың әртүрлі мақсаттары айқындалған жағдайларда, бірнеше эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) қалыптастыруға құқылы.

      7. Осы Заңда көзделгеннен өзге мақсаттарға эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) қалыптастыруға, толықтыруға және инвестициялық кірісті пайдалануға жол берілмейді. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 30 маусымдағы № 199-VIII ҚРЗ 

Осы Заң нысаналы капитал қорларын құру, басқару және тарату, эндаумент-қорларды (нысаналы капиталдарды) қалыптастыру, толықтыру, таратып жіберу және олардың инвестициялық кірістерін пайдалану, эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) активтерін сенімгерлік басқару кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы