21-бап. Мерзiмдi баспасөз басылымдарының мiндеттi даналары және теле-, радиобағдарламалардың материалдарын сақтау Масс-медиа туралы Заңы
1. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі мерзiмдi баспасөз басылымдарының қағаз жеткізгіштегі мiндеттi тегiн даналарын олар шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде – ұлттық кiтапханаларға және Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына, бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық нысанда олар шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жiбереді.
Бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық нысандары олар шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың "орталық" мәртебесі берілген мемлекеттік кітапханасына жiберіледi.
Бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған мерзiмдi баспасөз басылымдарының мiндеттi тегiн даналарының электрондық нысандары олар әзірленген күнi уәкiлеттi органға жiберіледi.
2. Теле-, радиоарналар өздерінің эфирге шығарылған теле-, радиобағдарламаларының жазбаларын алты ай бойы сақтауға, сондай-ақ оларды өзiнiң эфирлiк жұмысының тiркеу журналында тіркеп қоюға және оны осы журналда соңғы жазба жасалған кезден бастап кемiнде бiр жыл сақтауға мiндеттi. Тарихи немесе мәдени құндылығы бар жазбалар Қазақстан Республикасының ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасында айқындалатын тәртiппен сақталады.
3. Уәкілетті орган мерзiмдi баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастырады.
Осы Заң масс-медиа саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, олардың құқықтық негіздерін белгілейді және сөз бен шығармашылық бостандығына конституциялық құқықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы