Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 21-бап. Нотариустың қызмет ету аумағы Нотариат туралы Заңы

21-бап. Нотариустың қызмет ету аумағы Нотариат туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

21-бап. Нотариустың қызмет ету аумағы Нотариат туралы Заңы  

      1. Нотариаттық округ шегiндегi мемлекеттiк нотариустың қызмет ету аумағын аумақтық әдiлет органы белгiлейдi.  

      2. Жекеше нотариустың нотариаттық округ шегiндегі қызмет ету аумағын нотариаттық палата айқындайды. 

      Нотариус үй-жайды өзіне айқындап берілген аумақтың шегінен тыс жерде орналастыруға құқылы емес. 

      Нотариустың үй-жайына қойылатын талаптарды уәкілетті орган Республикалық нотариаттық палатаның ұсынысы бойынша белгiлейдi. 

      Аумақтық нотариаттық палата халыққа жекеше нотариустардың қызмет ету аумағы туралы ұдайы ақпарат беріп отырады. 

      3. Нотариустың қызмет ету аумағы осы Заңның 34-бабы 1-тармағының 3, 4, 5-тармақшаларында, сондай-ақ 54-бабында және 92-1-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген iс-әрекеттердi жасаған жағдайда сақталады. Басқа жағдайлардың бәрiнде жеке және заңды тұлғалардың нотариаттық iс-әрекеттер жасату үшiн кез келген нотариусқа жүгiнуге құқығы бар.  

      4. Нотариаттық iс-әрекеттер жасауға арналған үй-жай осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген тәртiп бойынша белгiленген аумақ шегiнде болуға тиiс.  

      5. Нотариаттық iс-әрекеттер мемлекеттiк нотариат кеңсесiнiң үй-жайынан тыс және жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалуы мүмкін. 

      Көшпелі нотариаттық әрекеттер тиісті нотариаттық округтің шегінде мүдделі адамның өтініші негізінде нақты адамға қатысты жасалады және тұрақты сипатта болмайды. 

      Егер нотариаттық iс-әрекет мемлекеттiк нотариат кеңсесiнiң үй-жайынан тыс немесе жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда құжаттың куәландыру жазбасында  ( нотариаттық әрекеттердің электрондық тізілімінде) оның мекенжайы мен уақыты көрсетіліп, нотариаттық іс-әрекеттің жасалған орны жазылады. 

Егер тұлға нотариаттық әрекеттің жасалуына "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш білдірсе, онда нотариустың үй-жайы орналасқан жер осы нотариаттық әрекеттің жасалу орны болып есептеледі.

 

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155-I Заңы. 

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 343-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы