Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 21-бап. Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің қатысуымен банк құруға қойылатын қосымша талаптар Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

21-бап. Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің қатысуымен банк құруға қойылатын қосымша талаптар Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

       21-бап. Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің қатысуымен банк құруға қойылатын қосымша талаптар Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы  

      Банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент – заңды тұлғасы осы Заңның 19-бабында көрсетілген құжаттардан басқа, банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің акцияларын иеленуге келісімнің (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан мұндай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесін қоса беруге міндетті.

      Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде құрылған банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент – заңды тұлғасы микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтінішке өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің акцияларын иеленуге келісімнің (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан мұндай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесін қоса беруге міндетті.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы