Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 21-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттар қабылдау  Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Заңы

21-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттар қабылдау  Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

21-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттар қабылдау  Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Заңы 

      1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу құқық иесінің, мәміле тараптарының (қатысушыларының), мемлекеттік органның (оның уәкілетті өкілінің) немесе өзге де уәкілетті адамдардың тіркеуші органға берген өтінішінің негізінде жүзеге асырылады. 

      2. Мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) өзінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге және мынадай құжаттарды: 

      1) белгіленген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті; 

      2) тіркеу объектісін растайтын құқық белгілейтін құжатты ұсынуға тиіс. Жер учаскесіне құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеген жағдайда, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылады. Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға берген кезде құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) ұсынылады; 

      3) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төлегенін растайтын құжатты ұсынуға тиіс. 

      2-1. Мемлекеттік цифрлық ресурстар болып табылатын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті мәліметтерді тіркеуші орган электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. 

      3. Заңды тұлғалар осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа Қазақстан Республикасының заңдарында не құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға немесе иеліктен шығаруға құрылтайшылар (қатысушылар, директорлар кеңесі, акционерлер кеңесі) жиналыстарының хаттамаларын (олардан үзінді-көшірмелер) ұсынады. Шетелдік заңды тұлғалар сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді-көшірмені немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттік тілдегі және қажет болған кезде орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасымен ұсынады. 

      3-1. Егер тіркелуге берілген өтініште сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кеткендігі туралы мәліметтер бар болса, онда өтініш беруші осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген құжаттармен қатар бәсекелестікті қорғау саласындағы органның алдын ала жазбаша келісімін табыс етеді. 

      3-2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарған жағдайда, алып қойылатын мүліктің меншік иесінің құқықтарын тоқтатуды және мемлекет құқықтарының туындауын тіркеу өтініш беруші тіркеуші органға өтемнің төлегенін растайтын құжатты ұсынған жағдайда жүзеге асырылады. 

      4. Егер мәмілені нотариат куәландырмаса, онда тіркеуші орган мәмілені жасаған адамдардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) қойылған қолдарының растығын, олардың іс-әрекетке қабілеттілігін (құқықтық қабілеттілігін), сондай-ақ олардың ерікті түрде жасалғандығын тексеруге міндетті. 

      Бұл талап банктік қарыз шартын және микрокредит беру туралы шартты қамтамасыз ету үшін жасалған кепіл шарттарына қолданылмайды. 

      5. Бір ғана сол жылжымайтын мүлік объектісіне қатысты бір ғана сол құқықты (құқық ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеуге бірнеше өтініш болған кезде өтініштің басымдығы осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес айқындалады. 

      6. Осы баптың ережелерi электрондық тiркеу кезiнде қолданылмайды. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 Заңы. 

  Осы Заң жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы мақсаттарды, міндеттер мен құқықтық негіздерді айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы