22-4-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi бар, аттестаттаудан өткен және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде (тізілімдерінде) тiркелген оның әрекетке қабiлеттi азаматы патенттiк сенiм білдірілген өкiл болуға құқылы.
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту және оларға патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру нәтижелері бойынша патенттік сенім білдірілген өкіл қызметін:
1) тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары;
2) өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласында мамандануына сәйкес жүзеге асырады.
Уәкілетті органның жанынан құрылатын патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан тұрады.
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде (тізілімдерінде) тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімі тізілімдері уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
2. Аттестаттауға мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын;
2) уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатын;
3) қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;
4) осы Заңға сәйкес патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған адамдар жiберiлмейдi.
3. Аттестаттауға зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесі бар не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен адамдар жіберіледі.
4. Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімімен:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияға берілген өтініші негізінде;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын адамдарға, уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне жатқызу кезеңіне тоқтатыла тұрады.
3) алып тасталды – ҚР 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі оның қызметін тоқтата тұруға себеп болған негіздер жойылған жағдайда, патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімімен қайта басталады.
Патенттік сенім білдірілген өкіл сенім білдірушіден оның тапсырмасын орындауға байланысты алатын ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында құпия ақпаратқа немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға қойылатын талаптар сақталған кезде құпия деп танылады.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422 Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы