Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 22-бап. Магистральдық құбырды өз бетінше пайдалануды жүзеге асыратын магистральдық құбырдың меншік иесінің құқықтары мен міндеттері Магистральдық құбыр туралы Заңы

22-бап. Магистральдық құбырды өз бетінше пайдалануды жүзеге асыратын магистральдық құбырдың меншік иесінің құқықтары мен міндеттері Магистральдық құбыр туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

22-бап. Магистральдық құбырды өз бетінше пайдалануды жүзеге асыратын магистральдық құбырдың меншік иесінің құқықтары мен міндеттері Магистральдық құбыр туралы Заңы 

      1. Магистральдық құбырды өз бетінше пайдалану кезінде, сондай-ақ оны консервациялаудың барлық кезеңі ішінде магистральдық құбырдың меншік иесі: 

      1) магистральдық құбырға техникалық қызмет көрсету, оны жөндеу, қорғау, техникалық диагностикалау және тексеру бойынша жұмыстардың орындалуын бақылауға; 

      2) жобалау ұйымдарын қате жобалық шешімдері үшін жауапкершілікке тартуға бастамашылық жасауға; 

      3) құрылыс ұйымдарынан магистральдық құбырда іске қосу алдындағы диагностикалау мен атқарушылық суретке түсіру жүргізуді талап етуге; 

      4) жөнелтуші беретін өнімді магистральдық құбырмен тасымалдауға дайындау туралы мәліметтердің анықтығын, оның сапасының белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруге құқылы. 

      2. Магистральдық құбырды өз бетінше пайдалану кезінде, сондай-ақ оны консервациялаудың барлық кезеңі ішінде магистральдық құбырдың меншік иесі: 

      1) өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау мақсатында оның үздіксіз, тиісінше және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге; 

      2) магистральдық құбырдағы өнімнің сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдауға; 

      3) авариялар мен оқыс оқиғаларды болдырмау, жою жөнінде шаралар қолдануға; 

      4) магистральдық құбырды техникалық жарамды күйде ұстау мақсатында оған техникалық диагностикалау мен тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге; 

      5) өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыруға; 

      6) пайдаланылатын магистральдық құбырға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізуді қамтамасыз етуге; 

      7) төтенше жағдайлардың алдын алу, өнеркәсіптік, экологиялық және өрт қауіпсіздігі, магистральдық құбырды физикалық қорғау жөніндегі талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге; 

      8) аварияларды оқшаулау және олардың зардаптарын жою үшін материалдық және қаржылық ресурстар резервтеріне ие болуға; 

      9) бірыңғай техникалық дәлізбен өтетін инженерлік коммуникацияларды пайдаланатын ұйымдармен келісілген іс-әрекеттерді жүргізуге; 

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де іс-шараларды орындауға міндетті. 

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы. 

       Осы Заң магистральдық құбырды жобалау, салу, пайдалану, консервациялау және жою кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және магистральдық құбырды тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы