22-бап. Сот сарапшысын аттестаттау Cот-сараптама қызметі туралы Заңы
1. Сот-сараптама қызметін жиырма жылдан аса жүзеге асырып жүрген адамдарды қоспағанда, сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары, сондай-ақ лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдар әрбір бес жыл сайын аттестаттаудан өтеді.
2. Сот сарапшысы біліктілігінің жеткіліксіздігі туралы куәландыратын, сот сарапшысының біліктілік талаптарына сәйкес келмеу және (немесе) сот-сараптама қызметімен айналысу кезінде осы Заңның талаптарын бұзу фактілері анықталған кезде оны кезектен тыс аттестаттау өткізіледі.
3. Сот сарапшысын аттестаттау тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.
4. Аттестаттауға жіберуден бас тартуға және аттестаттамау туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
5. Сот сарапшысын аттестаттау айына бір реттен сиретпей өткізіледі.
6. Аттестаттаудан өтпеген сот сарапшысы аттестаттау өткізілген күннен бастап бір айдан кейін және үш айдан кешіктірілмей бір реттен асырмай қайта аттестаттауға жатады.
7. Аттестаттаудан қайта өте алмаған сот сарапшысы аттестатталмаған болып табылады және сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігінен сот тәртібімен айырылады.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы