Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 23-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіздер Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы

23-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіздер Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

23-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіздер Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы 

      1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мынадай: 

       1) егер өзгерістер мен толықтырулар бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың бюджетін ұлғайтуға алып келмесе, осы баптың 2-тармағында көрсетілген; 

      2) бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырысқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілген; 

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың мазмұнын өзгертуге алып келмейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда жол беріледі. 

       2. Бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырысқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізбей, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа осы баптың 1-тармағына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мынадай: 

      1) әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге бағаны және тараптардың өзара келісуі бойынша қабылданған шарт сомасын азайту бөлігінде өзгеріс енгізілген; 

      2) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушымен келісу бойынша тараптар қабылдаған міндеттемелерді орындау мерзімдері өзгермеген кезде тактикалық-техникалық тапсырмаларға (техникалық өзіндік ерекшеліктерге, тактикалық-техникалық сипаттамаларға) өзгеріс енгізілген; 

      3) жасалған шартта көрсетілген тауардың (өнімнің), жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін баға және міндеттемелерді орындау мерзімдері өзгермеген кезде, сатып алынатын əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), əскери мақсаттағы орындалатын жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің көлемінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының қажеттілігінің азаюына не ұлғаюына байланысты шарт сомасы азайтылған не ұлғайтылған; 

      4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгеріс енгізілсе және осындай өзгеріс сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, сондай-ақ егер қару-жарақ пен әскери техникадан ақау анықтау процесінде қосымша жұмыстар және (немесе) ауыстыруды қажет ететін жөндеуге жарамсыз агрегаттар анықталса, шарт сомасы ұлғайтылған; 

      5) Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге заңнамасының, сондай-ақ резиденті мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушымен, уәкілетті ұйыммен немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушымен шарт жасасқан мемлекеттің ұлттық заңнамасының өзгеруінен туындаған, шарт сомасы азайтылған немесе ұлғайтылған; 

      6) жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының базалық шығыстары өзгерген жағдайда, шарттың жалпы сомасы өзгерместен ағымдағы қаржы жылынан асатын қолданылу мерзімі бар шарттың ағымдағы қаржы жылына арналған сомасы өзгертілген; 

      7) егер мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы өзімен жасалған шартты орындау процесінде әскери мақсаттағы тауардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауардың (өнімнің), әскери мақсаттағы жұмыс пен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартымен міндеттемелерді орындау мерзімдері өзгермеген кезде оларды жақсартатын сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларды ұсынған; 

      8) еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындауы жағдайында тараптардың өзара келісуі бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың орындалу мерзімі өзгертілген жағдайларда жол беріледі. 

      Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.10.2023 № 33-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

      Осы Заң қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника айналымының жекелеген мәселелерін реттейді.  

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы