23-бап. Қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есептің ерекшеліктері Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы
1. Шоғырландырылған немесе жекелеген қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері бойынша:
1) елеулі қателер болмаған кезде – қаржылық есептілік жөніндегі оң аудиторлық есеп;
2) елеулі қателер анықталған кезде – қаржылық есептілік жөніндегі ескертпесі бар аудиторлық есеп қабылданады.
2. Мемлекеттік аудит объектісінде бухгалтерлік есеп жүргізілмеген не бухгалтерлік құжаттар жоғалған жағдайларда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы мемлекеттік аудит объектісінің басшысына және мемлекеттік аудит объектісіне басшылықты немесе оны басқаруды жүзеге асыратын жоғары тұрған органға осы жұмыстың аяқталу мерзімін анықтай отырып, мемлекеттік аудит объектісінде бухгалтерлік есепті қалпына келтіру туралы талаппен нұсқама жібереді және мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне тиісті өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік аудитті уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте жекелеген қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері бойынша мемлекеттік аудитор пікірін білдіруден бас тарта отырып, аудиторлық есеп береді.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ.
Осы Заң мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы