23-бап. Уәкілетті органның құзыреті Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы
Уәкілетті орган:
1) заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғалардың қызметін үйлестіреді;
3) заң көмегін көрсету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
4) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасына, заң көмегін көрсету көлемінің толықтығы мен сапасына мониторинг жүргізеді;
5) заң көмегін көрсету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
6) заң көмегін көрсету стандарттарын келіседі;
7) заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын келіседі;
8) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
9) мемлекет кепілдік берген заң көмегінің барлық түрі бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылады;
10) мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз етеді;
10-1) адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерлерін белгілейді;
11) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетудің жүйесі және негізгі қорытындылары туралы ақпараттың жылына кемінде бір рет Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануын және өзінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді;
12) адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
13) адвокат, заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекітеді;
14) мемлекет кепілдік берген көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асырады;
15) заң консультанттары палаталарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
16) халыққа заң көмегін көрсететін тұлғалар, заң көмегін көрсету тетіктері, негіздері мен шарттары туралы құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
17) заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын әзірлейді және бекітеді;
18) заң консультанттары палаталарының тізілімін жүргізеді;
19) Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
20) Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы