235-бап. Су қорының жерлерiн аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Экология кодексі
1. Су қорының жерлерiн аймақтарға бөлу кезiнде су объектiлерiн қорғау қамтамасыз етiледi.
2. Су қоры жерлерiнiң құрамындағы жер учаскелерiн жергiлiктi атқарушы органдар су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келiсу бойынша жеке және заңды тұлғаларға ауыл, орман, аңшылық, балық шаруашылықтарының, аквашаруашылықтың мұқтажы ы үшін және жер учаскесiнiң негiзгi нысаналы мақсатына қайшы келмейтiн, жердiң ластануы мен тозуына және тиiсiнше, экологиялық ахуалдың нашарлауына алып келмейтін басқа да мақсатта уақытша жер пайдалануға беруi мүмкiн.
3. Су қорының жерлерiн басқа санаттардағы жерлерге ауыстыруға Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттiк экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары болған кезде:
1) су объектiсiнiң жұмыс iстеуi тоқтатылған не оның экологиялық және гигиеналық көрсеткiштерi едәуiр өзгерген;
2) олар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiне жатқызылған;
3) елдi мекендердiң шекаралары (шектерi) экологиялық ахуалдың өзгеруiне алып келетіндей өзгерген жағдайда жол берiледi.
4. Су қорғау белдеулерiне бөлiп берiлген жерлер елдi мекендер мен өнеркәсiп жерлерiнiң санатына ауыстырылмайды, оларда судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшiн шаруашылық қызметтiң арнайы режимi белгiленедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы