Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 25-1-бап. Антифрод-орталық Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы

25-1-бап. Антифрод-орталық Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

25-1-бап. Антифрод-орталық Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы 

   1. Антифрод-орталық:

      1) қаржы ұйымдарынан, төлем ұйымдарынан, ұялы байланыс операторларынан және қылмыстық қудалау органдарынан келіп түскен, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша оқиғалар мен әрекеттенулер туралы мәліметтерді жинауды, шоғырландыруды және сақтауды жүзеге асырады;

      2) белгіленген өлшемшарттарға сәйкес алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларына жатқызылған, қаржы ұйымдарына, төлем ұйымдарына, ұялы байланыс операторларына, қылмыстық қудалау органдарына қажетті, төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі деректерді өңдейді және талдайды;

      3) алаяқтық белгілері бар төлем операцияларын болғызбау үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде қатерлер, осал тұстар, оқиғалардың туындауының алғышарттары, сондай-ақ олардың алдын алу және зардаптарын жою әдістері туралы ақпаратты қаржы ұйымдарына, төлем ұйымдарына, ұялы байланыс операторларына, қылмыстық қудалау органдарына ұсынады;

      4) қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, өз қызметі процесінде алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      4-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

    4-1) қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары мен құқық қорғау органдарының ақпараты негізінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңсыз деп танылатын және (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтауға және болғызбауға жәрдемдеседі;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған өзге де функцияларды орындайды.

      2. Қаржы ұйымы, төлем ұйымы төлемді және (немесе) ақша аударымын (осындай төлемді және (немесе) ақша аударымын жасауға әрекеттенуді, орындалу процесіндегі төлемді және (немесе) ақша аударымын қоса алғанда):

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1) егер алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын анықтағаны туралы клиенттің жолданымы болса;

      2) егер ақша жөнелтуші және (немесе) қылмыстық қудалау органынан расталған ақпарат болса;

      3) егер қаржы ұйымының, төлем ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес осындай негіздер болса;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) егер төлемнің және (немесе) ақша аударымының бенефициары алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру оқиғалары мен әрекеттену туралы дерекқорда болса, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясы деп таниды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      2-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.      

2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы) қызметін ұйымдастыру қағидаларында:

      1) антифрод-орталықтың қызметін жүзеге асыру және антифрод-орталықтың өз қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;

      2) антифрод-орталықтың алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру оқиғалары мен әрекеттері туралы дерекқорды қалыптастыру мен жүргізуді және антифрод-орталықтың қызметіне қатысатын адамдарға оған қолжетімділік беруді жүзеге асыру тәртібі;

      3) алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларына байланысты тұлғалар туралы антифрод-орталықтың ақпаратын алған кезде қаржы ұйымдарының, төлем ұйымдарының нұсқауды орындаудан бас тарту және оны тоқтата тұру тәртібі мен мерзімдері;

      4) алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын жүзеге асырудың барлық оқиғалары және (немесе) әрекеттері туралы ақпаратты қаржы ұйымдарының, төлем ұйымдарының антифрод-орталыққа жіберу тәртібі, нысандары мен мерзімдері;

      5) клиентті қаржы ұйымы, төлем ұйымы антифрод-орталықтың дерекқорына қосқан жағдайда қаржылық көрсетілетін қызметтердің немесе көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін беру тәртібі мен түрлері, сондай-ақ клиенттің қаржылық көрсетілетін қызметтердің немесе көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін алу үшін қаржы ұйымына, төлем ұйымына жүгіну тәртібі;

      6) қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарының және құқық қорғау органдарының, қаржы ұйымдарының немесе төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңсыз деп танылатын және (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтау және болғызбау мақсатында өзара іс-қимыл жасау тәртібі;

      7) қылмыстық қудалау органынан алынған, прокурор санкциялаған, транзакцияны алаяқтық деп тану туралы хабарламада көрсетілген клиентке ақшаны қайтару тәртібі айқындалады.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!      3-тармақтың бірінші бөлігін алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Антифрод-орталықтың қызметін жүзеге асыру және антифрод-орталықтың антифрод-орталық қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      3-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары, ұялы байланыс операторлары, қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары, құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган антифрод-орталықтың қызметіне қатысатын тұлғалар болып табылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      3-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.      

3-1. Қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясы анықталған кезде мынадай әрекеттерді жүзеге асырады:

      1) банктік шот, электрондық әмиян бойынша нұсқауларды және (немесе) шығыс операцияларын орындауды тоқтата тұрады немесе төлем және (немесе) ақша аударымы сомасын бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бұғаттайды;

      2) себептері мен негіздерін көрсете отырып, клиентпен жасалған шартта белгіленген тәртіппен клиентке клиенттің банктік шоты, электрондық әмияны бойынша нұсқауларды және (немесе) шығыс операцияларын орындауды тоқтата тұру немесе төлем және (немесе) ақша аударымы сомасын бұғаттау туралы ақпарат береді;

      3) клиенттің банктік шоты, электрондық әмияны бойынша нұсқауларды және (немесе) шығыс операцияларын орындау тоқтатыла тұрған немесе төлем және (немесе) ақша аударымы сомасы бұғатталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өз клиентінің операцияларына, оның ішінде клиенттен мән-жайларды анықтау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпарат алу бойынша талдау жүргізеді;

      4) клиент талдау жүргізу мерзімі ішінде сұратылған ақпаратты бермеген жағдайда, банктік шотты, электрондық әмиянды клиенттен түсінік алатын кезге дейін бұғаттайды;

      5) егер талдау нәтижелері бойынша қаржы ұйымы, төлем ұйымы транзакцияны алаяқтық деп танымау туралы шешім қабылдаса, қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары тоқтатыла тұрған төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырады, егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, осы төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізуге, клиенттің банктік шоты, электрондық әмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастауға немесе осы төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасынан бұғаттауды алып тастауға кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаса, клиенттің банктік шоты, электрондық әмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастайды немесе төлем және (немесе) ақша аударымы сомасынан бұғаттауды алып тастайды;

      6) клиенттің алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыруға қатысуының негіздері немесе растауы болған кезде, клиентті алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру әрекеттері туралы базаға бір мезгілде енгізе отырып, антифрод-орталық арқылы қылмыстық қудалау органына кейіннен оның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген іс-шараларды жүргізуі үшін хабарлама жібереді.

      Банктік шот, электрондық әмиян бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру кезінде осы бапта белгіленген нормалар шеңберінде клиент Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес қаржылық көрсетілетін қызметтердің немесе көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін алу үшін қаржы ұйымына, төлем ұйымына жүгінуге құқылы.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

     4. Қылмыстық қудалау органы антифрод-орталықтан хабар (ақпарат) алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаржы немесе төлем ұйымына одан арғы іс-қимылдар туралы, оның ішінде тоқтатыла тұрған төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру және (немесе) клиенттің банктік шоты, электрондық әмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастау немесе төлем және (немесе) ақша аударымы сомасынан бұғаттауды алып тастау үшін негіздердің бар не жоқ екендігі туралы хабар береді.

      Қаржы немесе төлем ұйымдары антифрод-орталық хабардар етілген күннен бастап үш жұмыс күні өткен соң қылмыстық қудалау органының одан арғы іс-қимылдар туралы шешімін алмаған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізуге, клиенттің банктік шоты, электрондық әмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастауға немесе төлем және (немесе) ақша аударымы сомасынан бұғаттауды алып тастауға кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаса, осы тоқтатыла тұрған төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырады, клиенттің банктік шоты, электрондық әмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастайды немесе осы төлем және (немесе) ақша аударымы сомасынан бұғаттауды алып тастайды.

      Қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары, құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңсыз деп танылатын және (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтау және болғызбау мақсатында қаржы немесе төлем ұйымдарымен жедел өзара іс-қимыл жасау үшін антифрод-орталықты пайдалануға құқылы.

      Қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының және қаржы немесе төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңсыз деп танылатын және (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтау, жолын кесу және болғызбау мақсатында өзара іс-қимыл жасау тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      5-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

    5. Қаржы не төлем ұйымы клиентті антифрод-орталықтың дерекқорына енгізу кезінде клиентке қаржылық көрсетілетін қызметтердің және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін беруден бас тартады не береді.

      Қаржылық көрсетілетін қызметтердің және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін беру тәртібі мен түрлері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      6-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6. Қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары антифрод-орталықтан алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларына қатысы бар адамдар туралы ақпарат алған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған мерзімдерде және тәртіппен нұсқауларды орындаудан бас тартады немесе тоқтата тұрады.

      7. Антифрод-орталық және антифрод-орталықтың қызметіне қатысатын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      8-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8. Қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын жүзеге асырудың барлық оқиғалары және (немесе) әрекеттенулер туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған нысан бойынша, мерзімдерде және тәртіппен антифрод-орталыққа жіберуге міндетті.

      9. Антифрод-орталық қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарына және құқық қорғау органдарына алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын деректерді беруге құқылы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      10-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10. Антифрод-орталық алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру оқиғалары мен әрекеттену туралы дерекқорды қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады, оларға антифрод-орталықтың қызметіне қатысатын тұлғалардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен нақты уақыт режимінде қол жеткізуін ұсынады.

Антифрод-орталықтың өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өзге де дереқорларды қалыптастыруға және жүргізуге құқығы бар.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      11-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11. Антифрод-орталық клиенттің келісімінсіз қаржы ұйымдарымен, төлем ұйымдарымен, ұялы байланыс операторларымен, қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарымен және құқық қорғау органдарымен деректер алмасуды, клиент-жеке тұлға, оның жеке сәйкестендіру нөмірі, банктік шотының және (немесе) төлем карточкасының нөмірі, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаты , Қазақстан Республикасының аумағында болу мәртебесі туралы мәліметтерді және клиентті және оның қатысуымен болатын төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын сәйкестендіру үшін қажетті басқа да мәліметтерді, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарының дерекқорынан алынған мәліметтерді қамтитын, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректерді өңдеуді жүзеге асырады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      12-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

12. Қаржы және төлем ұйымдарының осы бапқа сәйкес жүзеге асырылатын әрекеттері, оның ішінде клиенттің банк шоты, электрондық әмияны бойынша нұсқауларды және (немесе) шығыс операцияларын орындаудан бас тарту немесе оны тоқтата тұру, клиенттің банктік шотындағы немесе электрондық әмиянындағы ақша сомаларын бұғаттау, сондай-ақ банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді беру қаржы және төлем ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ азаматтық-құқықтық шартта көзделген жауаптылыққа тартуға негіздер болып табылмайды.

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт), төлем қызметтері нарығын реттеу және оларды бақылау, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы