Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 25-бап. Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы

25-бап. Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 25-бап. Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы 

      1. Төлемдер азаматтық-құқықтық мәмілелер шарттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен сот шешімдерінің негізінде және соларға сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары төлем құралдары негізінде немесе олар пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      2-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Төлем құжаттарының нысандары, міндетті деректемелері және олардың мазмұнына қойылатын басқа да талаптар, электрондық төлемдер құралдарын пайдалану ерекшеліктері, электрондық банк қызметтерін көрсету және экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдерді тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мәліметтер мен деректемелер көрсетілетін төлем қызметтерін беруші не төлем жүйесінің операторы беретін штрих код түрінде ұсынылуы мүмкін.

      Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші немесе төлем жүйесінің операторы кәсіпкерлік қызмет шеңберінде ұсынылған тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерді жүзеге асыру үшін беретін штрих кодтың ұлттық стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп әзірлейді. Штрих кодты пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру үшін ұйымның Штрих кодтың ұлттық стандартына қайшы келмейтін өзге де стандарттары пайдаланылуы мүмкін.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп, штрих кодты пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыру үшін пайдаланылатын деректемелердің банктік құпияны қамтымайтын ең аз тізбесін белгілейді.

      3. Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер және (немесе) ақша аударымдары қолма-қол ақшаны пайдалана отырып та, сондай-ақ оларды пайдаланбастан (қолма-қол ақшасыз төлемдер) да мынадай:

      1) қолма-қол ақша беру;

      2) электрондық ақша беру;

      3) төлем құжаттарын пайдалана отырып ақша аудару;

      4) ақшалай міндеттеме немесе ақша төлеу туралы бұйрық қамтылатын төлем құжатын беру;

      5) электрондық төлем құралдарын пайдалану тәсілдерімен жүзеге асырылады.

      4. Төлемге және (немесе) ақша аударымына бастамашылық жасау:

      1) бастамашының төлем құжатын көрсетуі;

      2) ұстаушының электрондық төлем құралдарын пайдалануы;

      3) бастамашының электрондық терминалдар мен өзге де құрылғылар арқылы ақша аудару үшін қолма-қол ақшаны енгізуі;

      4) бастамашының төлемді, оның ішінде мобильдік төлемді қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы жүзеге асыруға келісімді жіберуі арқылы жүргізіледі.

      5. Қолма-қол ақшамен төлемдер төлемдi жүзеге асыратын тұлғаның заңды төлем құралы болып табылатын банкноттар және (немесе) монеталар түріндегі қолма-қол ақшаны осы тұлғаның ақшалай міндеттемесі бар тұлғаға нақты беруі болып табылады.

      6. Қолма-қол ақшамен төлемдер ақшалай мiндеттемесi орындалып отырған тұлғаға тiкелей не делдал арқылы жүзеге асырылады.

      7. Қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары банктік шоттарды пайдалана отырып, сондай-ақ оларды пайдаланбастан теңгемен және шетел валютасымен төлем құралдары негізінде осы Заңда және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      8. Заңды тұлғалар, заңды тұлғаның филиалдары немесе өкілдіктері көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер арқылы жүзеге асыратын төлемдер және (немесе) ақша аударымдары банктік шоттар және (немесе) электрондық әмияндар пайдаланылып қана жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігі заңды тұлғалардың бюджетке төлемдерді, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үшін төлемдерді, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеуіне қолданылмайды.

      9. Сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшерінен асатын мәміле бойынша төлемдерді қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған дара кәсіпкерлер немесе қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған басқа дара кәсіпкердің пайдасына заңды тұлғалар немесе заңды тұлғалар қолма-қол ақшасыз тәртіппен ғана жүзеге асырады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      9-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

    9-1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті сатып алу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдер қолма-қол ақшасыз тәртіппен, оның ішінде уәкілетті компанияның банктік шотына қолма-қол ақша енгізу арқылы Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде уәкілетті компаниямен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы тіркелген шарттың болуы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті сатып алу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді ақша жөнелтуші банктің жүзеге асыруы үшін негіз болып табылады.

      10. Банктер "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде береді.

      10-1. Алып тасталды - ҚР 31.12.2021 № 100-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде болатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өз қызметін жүзеге асыратын орындарда төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) орнатуды және қолдануды және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті.

      Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған жағдайларда және тәртіппен төлем ұйымдарының лездік төлемдер жүйесіне қатысуына жол беріледі.

      Лездік төлемдер жүйесі арқылы төлемдерді жүзеге асыру кезінде бенефициардың пайдасына ақшаны есепке жатқызуды бенефициарға қызмет көрсететін төлем қызметтерін беруші – лездік режимде лездік төлемдер жүйесіне қатысушы қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер арасында ақша аудару (түпкілікті есеп айырысу) лездік төлемдер жүйесі арқылы клиринг нәтижелері бойынша жасалады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі ақшамен қамтамасыз етіледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар сауда операцияларын, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүргізу кезінде ақшалай есеп айырысуды қолма-қол ақшаны пайдаланбай жүзеге асыратын дара кәсіпкерге және (немесе) заңды тұлғаға қолданылмайды.

      12. Бенефициардың пайдасына ақша аударуды банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақша аударымдары жүйелерін пайдалану арқылы ұлттық немесе шетел валютасымен жүзеге асыра алады.

      Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бенефициардың пайдасына ақша аударуды жүзеге асыруды ақша аударымдары жүйесінің форматтары мен қағидаларына сәйкес қамтамасыз етуге тиіс.

      13. Төлем ұйымдарының төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырудан бас тартуы осы Заңда және "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" және "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргізіледі.

14. Клиентке үшінші тұлғалардың төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруына қолжетімділік алуына алып келген, үшінші тұлғаларға банк шотына не төлем құралына не сәйкестендіру құралына қолжетімділікті ұсынуға, сондай-ақ төлем құралын не сәйкестендіру құралын беруге, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына, сондай-ақ заңнамада белгіленген жағдайларда өзге де тұлғаларға осындай қолжетімділікті беруді қоспағанда, тыйым салынады. 

      Клиентке материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін үшінші тұлғаның мүддесінде немесе үшінші тұлғаның пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады. 

      Жұбайының (зайыбының) және жақын туыстарының, сондай-ақ заңнамада белгіленген жағдайларда өзге де тұлғалардың банктік шотын, төлем құралын не сәйкестендіру құралын пайдалануды қоспағанда, үшінші тұлғалардың банктік шотын, төлем құралын не сәйкестендіру құралын пайдалана отырып, төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт), төлем қызметтері нарығын реттеу және оларды бақылау, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы