Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 26-бап. Әскери қызметтен шығару Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

26-бап. Әскери қызметтен шығару Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

26-бап. Әскери қызметтен шығару Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы 

      1. Әскери қызметшіні әскери қызметтен шығару мынадай негіздер бойынша:

      1) әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша;

1-1) Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды немесе соғыс жағдайын енгізу жағдайларын қоспағанда, еңбек сіңірген жылдары жиырма бес жыл және одан көп болған кезде Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тәртіппен өз қалауы бойынша;

      2) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімінің өтуі бойынша;

      3) әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт мерзімінің өтуі бойынша;

      4) әскери-дәрігерлік комиссияның әскери қызметке жарамсыз немесе шектеулі жарамды деп тану туралы қорытындысына байланысты денсаулық жағдайы бойынша;

      5) әскери бөлім (мекеме) штаттарының қысқартылуына байланысты әскери қызметшіні басқа тең әскери лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған және ол төмен әскери лауазымға тағайындалудан бас тартқан кезде;

      6) Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарына, азаматтық қорғау органдарына қызметке ауыстыруды қоспағанда, мемлекеттік қызметке немесе мемлекеттік мекемелерге ауысуына байланысты;

      7) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуына байланысты;

      8) уәкілетті мемлекеттік органның арнайы тексеру нәтижелері бойынша одан әрі әскери қызмет өткеру мүмкін болмауына байланысты;

      9) аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сай келмеуі бойынша;

      10) техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары әскери оқу орындарының түлектерін, сондай-ақ әскери интерндерді, әскери резидент-дәрігерлерді, магистранттарды, докторанттарды және адъюнкттерді шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орнынан шығарып жіберуге байланысты;

      11) теріс себептер бойынша;

      12) белгіленген мерзімді өткерген адамдар үшін төтенше жағдай күшінің жойылуына байланысты жүргізіледі.

Әскери қызметшінің осы Заңның 21-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қарамағында болуы осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген, қызметтен шығару үшін негіздер болған кезде оның қызметтен шығарылуына кедергі болмайды.

      2. Әскери қызметшіні теріс себептер бойынша әскери қызметтен шығару:

      1) қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;

      2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

      3) медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған, әскери қызметтік міндеттерін атқару кезінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну немесе масаң күйде болу фактісі анықталған, сондай-ақ одан өтуден бас тартқан немесе жалтарған;

      4) медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған қызметтен тыс уақытта есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну фактісі анықталған;

      5) әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптары жүйелі түрде (екі және одан көп рет) бұзылған;

      6) жасалған күніне қарамастан, осы Заңның 38-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтер ұсынылмаған немесе бұрмаланған;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери атағынан айырылған;

      8) Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органының немесе ішкі істер органының әскери қызметшісі қатарынан үш және одан көп сағат бойы дәлелді себепсіз қызметте болмаған;

      9) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етуге немесе жоғалтуға, оларды жеткізгіштерді жоғалтуға алып келген, құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптар бұзылған;

      10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған;

      11) әскери қызметке кір келтіретін теріс қылық жасалған;

      12) көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарған жағдайларда жүргізіледі.

      Әскери қызметшінің мынадай әрекеттері, оның ішінде әскери қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты емес, бірақ азаматтардың көз алдында әскери қызметтің беделін анық түсіретін әрекеттері, атап айтқанда:

      қызмет бабын жеке пайдакүнемдік мақсатта пайдалану;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың лауазымдық және арнайы міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрімен, оның ішінде коммерциялық делдалдықпен айналысу;

      қызмет бабын пайдалана отырып жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету және сол үшін сыйақы алу;

      бюджет қаражатына немесе мемлекеттік мүлікке тікелей қызмет көрсететін әскери қызметшінің кінәлі әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттер уәкілетті лауазымды адам тарапынан оған деген сенімді жоғалтуға негіз берсе;

      әскери қызметшінің әскери киім нысанында қоғамдық орынға адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын, алкогольдік немесе есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтынудан туындаған өзге де масаң күйде келуі;

      ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тігуге қатысуы әскери қызметке кір келтіретін теріс қылықтар болып табылады.

      3. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшінің:

      1) өзіне қатысты әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптары елеулі және (немесе) жүйелі түрде (екі және одан көп рет) бұзылған жағдайда;

      2) отбасы жағдайлары бойынша:

      өзі әскери қызмет өткеретін жергілікті жерде оның отбасы мүшесінің медициналық көрсетілімдер бойынша тұруы мүмкін болмаған және оны жаңа әскери қызмет орнына ауыстыру мүмкіндігі болмаған кезде;

      отбасының басқа елді мекенге көшу қажеттілігіне байланысты әскери қызметші – жұбайының (әскери қызметші – зайыбының) әскери қызмет орнын өзгерткен;

      тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша тұрақты күтімге мұқтаж не бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа толған немесе он сегіз жасқа толмаған адамдарға, заң бойынша аталған азаматтарды күтіп-бағуға міндетті басқа адамдар болмаған кезде, тұрақты күтім жасау қажет болған;

      әскери қызметші анасыз (әкесіз) тәрбиелеп отырған он сегіз жасқа толмаған балаға (балаларға) күтім жасау қажет болған кезде;

      3) Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайланған немесе тағайындалған жағдайда;

      4) судья лауазымына сайланған немесе тағайындалған жағдайда, әскери қызметтен мерзімінен бұрын шығарылуға құқығы бар.

      4. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші осы баптың 1-тармағының 2), 4) және 7) тармақшаларында, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында, 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әскери қызметтен шығарылады.

      4-1. Резервтегі әскери адамды әскери қызметтен шығару осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 7), 8) және 11) тармақшаларында, 2-тармағының бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 9), 10) және 11) тармақшаларында, 3-тармағында көзделген негіздер бойынша (кәсіпкерлік және (немесе) кәсіптік қызметпен айналысу жағдайларын қоспағанда), сондай-ақ жасалған күніне қарамастан, осы Заңның 40-2-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтер ұсынылмаған немесе бұрмаланған жағдайда жүргізіледі.

      5. Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшінің:

      1) осы Заңның 35-бабының 9-тармағына сәйкес әскерге шақыруды кейінге қалдырудан бас тарту туралы өтініш берген адамдарды қоспағанда, отбасы жағдайының өзгеруі салдарынан әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе әскерге шақырудан босату құқығы туындаған;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетелге шығуға құқық берілетінін растайтын құжаттары болған кезде отбасы құрамында шетелде тұрақты тұрғылықты тұруға немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын отбасымен қосылу үшін кеткен жағдайларда мерзімінен бұрын қызметтен шығарылуға құқығы бар.

      6. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін және осы Заңның 32-бабына сәйкес әскерге шақырылған әскери қызметшінің осы Заңның 35-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген мән-жайлар болған кезде әскери қызметтен мерзiмiнен бұрын шығарылуға құқығы бар.

      7. Қайтыс болған (қаза тапқан) әскери қызметшi – қайтыс болған (қаза тапқан) күні құжатпен расталған күннен кейiнгі келесі күннен бастап, ал сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған әскери қызметші сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап әскери бөлімнің (мекеменің) тiзiмдерінен шығарылады.

      8. Белгіленген мерзiмдердi өткерген әскери қызметшіні әскери қызметтен шығару төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы, дағдарыстық ахуал енгізілген жағдайда, олардың қолданылу кезеңіне тоқтатыла тұрады.

      Бұл ретте онымен жасалған әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы, дағдарыстық ахуал кезеңі бойы қолданыста болады.

      9. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге əскери қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша не әскери бөлім (мекеме) штаттарының қысқартылуына байланысты əскери қызметтен шығарылған кезде жұмыстан шығу (біржолғы) жəрдемақысы еңбек сіңірген жылдары:

      күнтізбелік 10 жылдан аз болғанға – үш айлық ақшалай қаражат;

      күнтізбелік 10 жылдан 15 жылға дейін болғанға – төрт айлық ақшалай қаражат;

      күнтізбелік 15 жылдан 20 жылға дейін болғанға – бес айлық ақшалай қаражат;

      күнтізбелік 20 жылдан 25 жылға дейін болғанға – алты айлық ақшалай қаражат;

      күнтізбелік 25 жылдан 30 жылға дейін болғанға – жеті айлық ақшалай қаражат;

      күнтізбелік 30 жылдан астам болғанға – сегіз айлық ақшалай қаражат мөлшерінде төленеді.

      Келісімшарт бойынша əскери қызметке қайта кірген кезде жұмыстан шығу (біржолғы) жəрдемақысының мөлшері, осы жұмыстан шығу (біржолғы) жəрдемақысы бұрын әскери қызметтен не азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарынан қызметтен шығарылған кезде төленбеген жағдайларды қоспағанда, бұрын төленген жұмыстан шығу (біржолғы) жəрдемақысы ескеріле отырып айқындалады.

      Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткен соң немесе денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған кезде мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшіге жұмыстан шығу жәрдемақысы – бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан болған аталған әскери қызметшіге бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.

      Жауынгерлік іс-қимылдарға, терроризмге қарсы және (немесе) бітімгершілік операцияларына қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының немесе бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының орденімен (ордендерімен) марапатталған әскери қызметшіге жұмыстан шығу жәрдемақысының мөлшері ақшалай қаражаттың екі айлықақысына ұлғайтылады.

      Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген және әскери қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе әскери бөлім (мекеме) штаттарының қысқартылуына байланысты әскери қызметтен шығарылған офицерлік құрамның әскери қызметшісіне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығы болмаған кезде жұмыстан шығу (біржолғы) жәрдемақысын төлеумен қатар әскери қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл бойы әскери атағы бойынша айлықақы төлеу сақталады.

      Бұл ретте, егер көрсетілген мерзім ішінде әскери қызметшілерге әскери атақ бойынша айлықақылары өсетін болса, тиісінше әскери қызметтен шығарылған, офицерлік құрамның әскери қызметшілеріне төленетін осы айлықақылар мөлшері ұлғаяды.

      10. Осы Заңның 37-бабының 6-тармағына сәйкес келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген, мерзімді әскери қызметпен қоса жиынтығында он екі айдан аз қызмет өткерген және әскери қызметтен шығарылған қатардағы және сержанттар құрамдарының әскери қызметшілері белгіленген тәртіппен мерзімді әскери қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін, бірақ кемінде үш айға әскери бөлімдерге (мекемелерге) жіберіледі.

      Бұрын әскери қызмет өткермеген, әскери кафедрада (әскери факультетте) немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өтпеген, келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш рет кірген, он екі айдан аз қызмет өткерген және әскери қызметтен шығарылған азаматтар әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қою үшін жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі және белгіленген тәртіппен мерзімді әскери қызметке шақырылады.

      Бұрын мерзімді әскери қызмет өткермеген және әскери, арнаулы оқу орындарынан оқудан шығарып жіберілген, жиырма алты жасқа толмаған курсанттар мен кадеттер әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қою үшін жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі және белгіленген тәртіппен мерзімді әскери қызметке шақырылады, ал осы Заңның 38-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының алтыншы абзацында аталған адамдар келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге құқылы.

      Үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, өз бастамасы бойынша, теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты əскери қызметтен шығару салдарынан əскери, арнаулы оқу орнынан шығарып жіберілген, сондай-ақ əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан курсант немесе кадет оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, өзін әскери, арнаулы оқу орнында оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, стипендия төлеуге және жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін ақшаны мемлекетке өтеуге міндетті.

      Оқудан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттерден мемлекет кірісіне ақшаны өндіріп алу мәселелері бойынша 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін заңды күшіне енген сот актілері бойынша қозғалған атқарушылық іс жүргізулер "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тоқтатылады.

      Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген ақшаны мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы талап қоюлар 2018 жылғы 1 қаңтардан кейін оқудан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттерге беріледі.

      Əскери, арнаулы оқу орнына қайта қабылдау немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру оқу және (немесе) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру кезеңінде оқытуға жұмсалған ақшаны өндіріп алуды тоқтата тұруға негіз болып табылады. Әскери, арнаулы оқу орнында оқыту кезеңі есепке алынбастан, күнтізбелік есептеумен келісімшарт бойынша он жыл әскери қызмет өткергеннен кейін (ұшқыштар құрамы үшін – он бес жыл) оқытуға жұмсалған ақшаны өндіріп алу тоқтатылады.

      Əскери, арнаулы оқу орнын бітірген əскери қызметші теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сай келмеуі бойынша əскери қызметтен шығарылған жағдайда, оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, курсанттар мен кадеттерді әскери, арнаулы оқу орнында оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, стипендия төлеуге және жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін ақшаны мемлекетке әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін қызмет өткерілмеген əрбір толық ай үшін пропорционалды түрде өтеуге міндетті.

      Техникалық және кәсіптік білім беру (негізгі орта білім беру базасында) бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орнының түлегі жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орнына түспеген және әскери қызметті одан әрі өткеруден бас тартқан жағдайларда, өзін оқытуға жұмсалған ақша өтелместен, мерзімді әскери қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін әскери бөлімдерге (мекемелерге), бірақ кемінде үш ай мерзімге жіберіледі.

      Əскери, арнаулы оқу орындарында əскери қызметшіні оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу тəртібін құрылымында әскери, арнаулы оқу орны бар уəкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.

      Әскери, арнаулы оқу орнын бітірген және бітіргеннен кейін он жыл қызмет өткермеген (ұшқыштар құрамы үшін – он бес жыл) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшісі не Қазақстан Республикасы құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкері теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сай келмеуі бойынша қызметтен шығарылған жағдайда, мемлекеттік органдар құрылымына әскери, арнаулы оқу орны кіретін мемлекеттік органды бұл туралы бір ай ішінде хабардар етуге міндетті.

      11. Осы Заңның 47-бабында көзделген құқықты пайдаланған, қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сай келмеуі бойынша әскери қызметтен шығарылған кезде өзін жоғары білім беру ұйымдарында оқытуға жұмсалған ақшаны өтеуге міндетті.

      12. Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты оны әскерге шақыру мерзімі ауыстырылған жағдайда әскери қызмет мерзімі өткенге дейін қызметтен шығарылуға жатады.

13. Әскери қызметтен шығарылған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, бірақ бұйрықпен немесе одан үзінді көшірмемен жазбаша түрде танысқан күннен бастап үш айдан кешіктірмей, қызметтен шығару туралы шешімге сотқа шағым жасауға құқылы.

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы. 

           Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

Қызметтік тәртіпті өрескел бұзуы бойынша Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жұмыстан шығару

Қызметтік тәртіпті өрескел бұзуы бойынша Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жұмыстан шығаруҚұқық қорғау органдарының қызметкерлерін жұмыстан шығарудың жиі қолданылатын н...

Толық оқу »

49-бап. Қызметтен шығару Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

49-бап. Қызметтен шығаруҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы      1. Қызметкерлерді қызметтен шығару мынадай негіздер бойынша:      1) қызметте...

Толық оқу »

66-бап. Тәртіптік жазаларды белгілеу және қолдану мерзімі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

66-бап. Тәртіптік жазаларды белгілеу және қолдану мерзімі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Осы Кодекстің 65-бабының 4-тармағында және Қазақстан Республикасының...

Толық оқу »

57-бап. Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттары Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

57-бап. Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттарыҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы    1. Қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауы тәртіптік жаза қолданудың негізі болып...

Толық оқу »

62-бап. Қызметтік тәртіп Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

62-бап. Қызметтік тәртіпҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы      1. Қызметтік тәртіп – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген н...

Толық оқу »

43-бап. Тәртiптiк iстердi қарау жөнiндегi органдар Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

43-бап. Тәртiптiк iстердi қарау жөнiндегi органдар Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы Ескерту. 43-бап алып тасталды - Қ...

Толық оқу »

32-бап. Әскери қызметшiнің, прокурордың және тәртіптік жарғылардың не арнайы ережелердің күші қолданылатын өзге де адамдардың өздері әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкiмшiлiк жауаптылығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

32-бап. Әскери қызметшiнің, прокурордың және тәртіптік жарғылардың не арнайы ережелердің күші қолданылатын өзге де адамдардың өздері әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін...

Толық оқу »

Құқық қорғау органының беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтар / кез келген тәртіптік теріс қылық жұмыстан шығару түріндегі жазаға әкеп соқтырмайды

Құқық қорғау органының беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтар / кез келген тәртіптік теріс қылық жұмыстан шығару түріндегі жазаға әкеп соқтырмайдыҚұқық қорғау органының бе...

Толық оқу »

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің тәртіптік жаза қолдану туралы қаулыларын заңсыз деп тану туралы

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің тәртіптік жаза қолдану туралы қаулыларын заңсыз деп тану туралы№6001-24-00-6ап/3265, 2025 жылғы 03 маусымТалапкер: К. К. және К. С.Жауапкер...

Толық оқу »

67-бап. Тәртіптік комиссияның функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

67-бап. Тәртіптік комиссияның функциялары мен өкілеттіктеріҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы      1. Тәртіптік комиссия мынадай функцияларды:...

Толық оқу »

41-бап. Тәртiптiк iс қозғау құқығы Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

41-бап. Тәртiптiк iс қозғау құқығы Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы Ескерту. 41-бап алып тасталды - ҚР 2012.02.16 № 5...

Толық оқу »

Өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Алматы қаласының полиция департаментіне шағым полицияның жауапты қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту

Өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Алматы қаласының полиция департаментіне шағым полицияның жауапты қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілік...

Толық оқу »

Антикорға арыз өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту

Антикорға арыз өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартуНазар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назар...

Толық оқу »

Еңбек даулары қызметкерге қатысты қылмыстық қудалауды дәлелденбеген негіз бойынша тоқтату мұндай қызметкерді тәртіптік жауаптылықтан босатпайды

Еңбек даулары қызметкерге қатысты қылмыстық қудалауды дәлелденбеген негіз бойынша тоқтату мұндай қызметкерді тәртіптік жауаптылықтан босатпайдыИ.сотқа "Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

Полицияға шағым o өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту ҚР

Полицияға шағым o өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуНазар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сізд...

Толық оқу »

Шағым Бас Прокурорға қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты прокуратура, полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша

Шағым Бас Прокурорға қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты прокуратура, полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту бойыншаҚа...

Толық оқу »

61-бап. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылықтары және тәртіптік жазалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

61-бап. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылықтары және тәртіптік жазалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 1.Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс...

Толық оқу »

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар  бойынша тәртіптік жаза қолдану мерзімдері

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар бойынша тәртіптік жаза қолдану мерзімдері Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 45-бабына сәйкес Тәртіптік жаза теріс...

Толық оқу »

63-бап. Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшiлерді тәртiптiк жауаптылыққа тарту кезiнде олардың құқықтарына берілетін кепілдіктер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

63-бап.Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшiлерді тәртiптiк жауаптылыққа тарту кезiнде олардың құқықтарына берілетін кепілдіктер Қаз...

Толық оқу »

Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жатады.

Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жатады.Бұдан бұрын «Сы...

Толық оқу »

42-бап. Тәртiптiк iсті қарау мерзiмдерi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

42-бап. Тәртiптiк iсті қарау мерзiмдерi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы 1. Судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізу тері...

Толық оқу »

56-бап. Қызметкерлерге қолданылатын тәртiптiк жазалар және тәртіптік теріс қылықтардың түрлері Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

56-бап. Қызметкерлерге қолданылатын тәртiптiк жазалар және тәртіптік теріс қылықтардың түрлеріҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы      1. Құқық қорғау органдарындағы тәртіптік жа...

Толық оқу »

58-1-бап. Тәртіптік комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

58-1-бап. Тәртіптік комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс тәртібіҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы      1. Құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы тәртіптік ком...

Толық оқу »

65-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

65-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағда...

Толық оқу »

Тәртіптік комиссияның шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы, басқарманың шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы

Тәртіптік комиссияның шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы, басқарманың шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы05.01.2023 ж. №6001-22-00-6ап/1287Талапкер: Б. А....

Толық оқу »

Еңбек тәртібін бұзу және жұмыс берушінің жұмыстан босату рәсімін бұзуы сот жұмыста қалпына келтіруден негізді түрде бас тартты

Еңбек тәртібін бұзу және жұмыс берушінің жұмыстан босату рәсімін бұзуы сот жұмыста қалпына келтіруден негізді түрде бас тарттыСот алқасының 2016 жылғы 12 мамырдағы қаулысымен...

Толық оқу »

134-бап. Тәртіптік изоляторлар мен жалғыз адамдық камераларда ұстау жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

134-бап. Тәртіптік изоляторлар мен жалғыз адамдық камераларда ұстау жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Тәртіптік изоляторға жабылған сотталғ...

Толық оқу »

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, бірақ еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтамай еңбек шартын бұзу туралы еңбек дауларын қарау

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, бірақ еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтамай еңбек шартын бұзу туралы еңбек дауларын қарауТәртіптік жазаларды қолдану тәртібі ТК-нің 65-...

Толық оқу »

54-бап. Құқық қорғау органдарындағы қызметтік тәртіп Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

54-бап. Құқық қорғау органдарындағы қызметтік тәртіпҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы      1. Қызметкердiң Қазақстан Республикасының заңнамасында, құқық қорғау органдары басшыл...

Толық оқу »

9-бап. Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

9-бап. Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы 1. Судья тәртіптік теріс қы...

Толық оқу »

Қызметтік сәйкестіктің толық предупреждстігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы Мемлекеттік аудит бұйрығының күшін жою және заңсыз деп тану туралы еңбек даулары

Қызметтік сәйкестіктің толық предупреждстігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы Мемлекеттік аудит бұйрығының күшін жою және заңсыз деп тану туралы еңбек даул...

Толық оқу »

47-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК тәртіптік әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мазмұны

47-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК тәртіптік әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мазмұны 1. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау шақыру бойынша мерзімді әскери қы...

Толық оқу »

32-бапқа түсініктеме. Әскери қызметшінің, прокурордың және тәртіптік жарғылардың не арнаулы ережелердің күші қолданылатын өзге де адамдардың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылығы

32-бапқа түсініктеме. Әскери қызметшінің, прокурордың және тәртіптік жарғылардың не арнаулы ережелердің күші қолданылатын өзге де адамдардың Қазақстан Республикасының Әкімшілі...

Толық оқу »

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін тәртіптік жаза тарту туралы бұйрықтарға дау айту туралы еңбек даулары

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін тәртіптік жаза тарту туралы бұйрықтарға дау айту туралы еңбек дауларыАтап өтетін жайт, аталған істер бойынша талаптардың ныс...

Толық оқу »

Тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы, жұмыста қалпына келтіру және мәжбүрлі жұмыстан босатылған уақыт үшін жалақыны өндіріп алу, сондай-ақ ақшалай мәнде моральдық зиянды өтеу туралы бұйрықтың күшін жою

Тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы, жұмыста қалпына келтіру және мәжбүрлі жұмыстан босатылған уақыт үшін жалақыны өндіріп алу, сондай-ақ ақшалай мәнде моральдық зиянды өте...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Респуб...

Толық оқу »

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін қызметкерге бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін (Еңбек кодексінің 65-бабының 3-тармағы)

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін қызметкерге бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін (Еңбек кодексінің 65-бабының 3-тармағы)Жұмыс берушінің бұйрығымен 2022 жылғы 18 шілдеде...

Толық оқу »

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді ақтайтын негіздер бойынша тоқтату қызметкерді тәртіптік жауаптылыққа тарту мүмкіндігін жоққа шығармайды

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді ақтайтын негіздер бойынша тоқтату қызметкерді тәртіптік жауаптылыққа тарту мүмкіндігін жоққа шығармайдыКӛкшетау облыстық соты мысал ретінде С...

Толық оқу »

Еңбек шарты бойынша Жұмыс берушiнің тәртiптiк жазаларды қолдану және оған шағым жасау тәртiбi

Еңбек шарты бойынша Жұмыс берушiнің тәртiптiк жазаларды қолдану және оған шағым жасау тәртiбiҚазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 73-бабында тәртiптiк жазаларды қолдану...

Толық оқу »

Еңбек даулары жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкермен жасалған шарт тәртіптік жазасы бар бұзылуы мүмкін

Еңбек даулары жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкермен жасалған шарт тәртіптік жазасы бар бұзылуы мүмкінЕңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 16-тармақшасына және 53-баб...

Толық оқу »

Жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі жасау-тәртіптік теріс қылық

Жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі жасау-тәртіптік теріс қылық "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 50-бабы...

Толық оқу »

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралыҚазақстан Республикас...

Толық оқу »

39-бап. Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

39-бап. Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбiр жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері және...

Толық оқу »

66-бап. Тəртіптік комиссияны қалыптастыру жəне оның жұмыс тəртібі Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

66-бап. Тəртіптік комиссияны қалыптастыру жəне оның жұмыс тəртібіҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы      1. Тəртіптік комиссия теріс қылық жас...

Толық оқу »

Тергеушіні тәртіптік жауапкершілікке тарту жөніндегі бұйрықтан үзінді көшірме беру туралы өтініш сұрау салу

Тергеушіні тәртіптік жауапкершілікке тарту жөніндегі бұйрықтан үзінді көшірме беру туралы өтініш сұрау салуНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды ос...

Толық оқу »

Жол берілген бұзушылықты толық көлемде жою және бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру және оған қолданылған тәртіптік жауапкершілік шараларын жою және оның мүшелігін қалпына келтіру

Жол берілген бұзушылықты толық көлемде жою және бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру және оған қолданылған тәртіптік жауапкершілік шараларын...

Толық оқу »

Қызметтік тергеп-тексеру қорытындыларына, тәртіптік комиссиялардың шешімдерін және Әдеп жөніндегі кеңестің шешімдерін

Қызметтік тергеп-тексеру қорытындыларына, тәртіптік комиссиялардың шешімдерін және Әдеп жөніндегі кеңестің шешімдерін даулауАталған барлық актілерде, әдетте, мемлекеттік қызме...

Толық оқу »

71-бап. Қызметкерлерді тәртіптік жауаптылыққа тарту кезіндегі олардың құқықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

71-бап. Қызметкерлерді тәртіптік жауаптылыққа тарту кезіндегі олардың құқықтарының кепілдіктеріҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы      1. Қызм...

Толық оқу »

42-1-бап. Судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту кезіндегі оның құқықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

42-1-бап. Судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту кезіндегі оның құқықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық з...

Толық оқу »

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкін

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкінӘрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкін (Еңб...

Толық оқу »

Қызметкерге тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей бірақ ол анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады

Қызметкерге тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей бірақ ол анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданыладыД.2011 жылдың басында оның ат...

Толық оқу »

Ұсыну нысанындағы прокурорлық ден қою актісі ұсынымдық сипатта болады Заңмен тәртіптік жазаны түпкілікті қолдану тиісті мемлекеттік органның нақты лауазымды адамына жүктеледі.

Ұсыну нысанындағы прокурорлық ден қою актісі ұсынымдық сипатта болады Заңмен тәртіптік жазаны түпкілікті қолдану тиісті мемлекеттік органның нақты лауазымды адамына жүктеледі....

Толық оқу »

64-бап. Тәртіптік жаза қолдану және оның мерзімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

64-бап.Тәртіптік жаза қолдану және оның мерзімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 1.Тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталған күннен бастап бір айд...

Толық оқу »

66-бап. Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шаралары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

66-бап.Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шаралары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 1.Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ет...

Толық оқу »

Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік жаза қолдану

Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік жаза қолдану«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағ...

Толық оқу »

45-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

45-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы 1. Егер судья жаза қолданылған күннен ба...

Толық оқу »