Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 26-бап. Банк операцияларын және өзге де операцияларды лицензиялау Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

26-бап. Банк операцияларын және өзге де операцияларды лицензиялау Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

26-бап. Банк операцияларын және өзге де операцияларды лицензиялау Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

       Ескерту. 26-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Банк операцияларын, сондай-ақ осы Заңда белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды уәкiлеттi орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңның талаптарына сәйкес өз құзыреті шегінде және уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындайтын тәртiппен бередi.

      Осы Заңның 52-5-бабында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияларды уәкілетті орган ислам банктеріне ғана береді.

      Осы Заңның 52-5-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) 5) және 6) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияларды уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдарына ғана береді.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге қолданыстағы лицензиясы болған кезде береді.

      Уәкiлеттi орган лицензияны беру немесе қайта ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктердің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.

      Лицензияны беру үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

      2. Уәкілетті органның банк (Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалын) ашуға рұқсаты берілген күннен бастап бір жыл ішінде өтініш беруші уәкілетті органға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша банк операциялары мен өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алуға өтініш беруге тиіс.

      Банк операциялары мен өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алуға өтініш бергенге дейін өтініш беруші жоспарланып отырған банк операциялары мен өзге де операцияларды жүзеге асыруды бастауға байланысты барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде:

      уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есепке алу мен бас бухгалтерлік кітапты жүргізуді автоматтандыру бойынша бағдарламалық қамтылымды дайындауға;

      осы Заңның 31-бабының 1-тармағында көзделген операциялар жүргізудің жалпы шарттарын айқындайтын қағидаларды және өзге де ішкі қағидаларды бекітуге;

      уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес банк қызметі мен өзге де қызметті жүзеге асыруға байланысты, оның ішінде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру үшін қажетті ішкі құжаттарды бекітуге тиіс.

      2-1. Қазақстан Республикасының резидент – заңды тұлғаларының банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алғаш рет алуы үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) өтініш, онда өтініш беруші жоспарланып отырған банк қызметі мен өзге де қызметті жүзеге асыруды бастауға байланысты барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараның орындалғанын растайды;

      2) өтініш беруші жарғысының нотариат куәландырған көшірмесі;

      3) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

      4) осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдарды келісу үшін көзделген құжаттар;

      5) уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келетін өтініш берушінің таяу үш жылға арналған даму стратегиясының көшірмесі.

      Өтініш берушінің даму стратегиясына өтініш берушінің ұйымдастырушылық құрылымы туралы, өтініш берушінің өтініш берілетін қаржы жылына арналған бюджеті туралы ақпарат, оның ішінде өтініш берушінің пруденциялық нормативтерді орындағаны туралы болжамды деректер, сондай-ақ, егер өтініш берушінің бас ұйымының банк холдингі мәртебесін иеленуі банк конгломератын құруға алып келсе, құрамына өтініш беруші кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің болжамды есебі енгізіледі.

      Егер өтініш қаржы жылы аяқталғанға дейін екі айдан аз уақыт бұрын берілсе, өтініш берушінің даму стратегиясына осы тармақшаның екінші бөлігінде көзделген өтініш берілетін жылдан кейінгі қаржы жылына арналған ақпарат қосымша енгізіледі;

      6) қызметкерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) көрсетілген штат кестесі;

      7) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде ең төмен мөлшері белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      8) адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттарды көшірмелері.

      2-2. Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі филиалының банк операцияларын және өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алғаш рет алуы үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы баптың 2-1-тармағының 1), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттар;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің басқару органы бекіткен филиал туралы ереженің көшірмесі;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің Қазақстан Республикасының аумағында өзінің филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдау туралы және мұндай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің балансында есепке алу туралы жазбаша міндеттемесі (растауы);

      4) лицензияның (рұқсаттың) шеңберінде рұқсат етілген банк операцияларының және өзге де операциялардың тізбесі көрсетіліп, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған қолданыстағы лицензиясының (қолданыстағы рұқсатының) көшірмесі – осы Заңның 13-1-бабының 2-тармағында көзделген Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі жүзеге асыруға құқылы банк операцияларының және өзге де операциялардың тізбесі өзгерген немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі жаңа лицензия (жаңа рұқсат) алған жағдайда беріледі.

      2-3. Уәкілетті орган "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат берген күннен бастап бір жыл ішінде өтініш беруші осы баптың 2-тармағында көзделген барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға және уәкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін жүгінуге тиіс.

      3. Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алу үшін:

      1) қосымша банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияны алу үшін өтініш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуын қамтамасыз етуге;

      3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы қағиданы ұсынуға тиіс.

      4. Алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Уәкiлеттi орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны беру туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін құжаттар ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс.

      Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде берілген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      6. Ұлттық және (немесе) шетелдiк валютамен банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензия шектеусiз мерзiмге берiледi.

      7. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензия үшiншi адамдарға берiлуге жатпайды.

      8. Банк операцияларының және өзге де операциялардың барлық түрлерi оларды жүргiзу құқығы лицензияда тiкелей көрсетiлген кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.

      9. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны беру туралы шешiм қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің интернет-ресурсында орналастырылады.

      10. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияның тиiстi түрде куәландырылған көшiрмесi банк клиенттерiнің көруiне қолжетімді жерге орналастырылуға жатады.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы