Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 27-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті Дербес деректер және оларды қорғау туралы Заңы

27-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті Дербес деректер және оларды қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

27-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті Дербес деректер және оларды қорғау туралы Заңы 

      1. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде: 

      1) дербес деректер және оларды қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады; 

      1-1) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 

      2) меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді; 

      2-1) меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындауна қажетті және жеткілікті дербес деректер тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді; 

      2-2) меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау тәртібін анықтайды; 

      2-3) меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру тәртібін анықтайды; 

      3) субъектінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы өтініштерін қарайды және тиісті шешім қабылдайды; 

      4) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзуға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдайды; 

      5) меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан анық емес немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап етеді; 

      6) субъектілер құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асырады; 

      6-1) дербес деректер және оларды қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік кеңес құрады, сондай-ақ оны қалыптастыру және оның қызметінің тәртібін айқындайды; 

      6-2) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген мақсаттарда "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу тәуекеліне алып келетін дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы туралы ақпаратты жібереді; 

      7) дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларын бекітеді; 

      7-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша электрондық ақпараттық ресурстардағы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуге зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді; 

      7-2) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисінің жұмыс істеу қағидаларын бекітеді; 

      7-3) мемлекеттік емес ақпараттандыру объектілерінің мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерімен дербес деректерді беру жүзеге асырылатын және (немесе) дербес деректерге қолжетімділік берілетін интеграциялануын келіседі; 

      7-4) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисімен интеграциялау қағидаларын бекітеді; 

      8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

      2. Уәкілетті органға өз қызметін жүзеге асыру барысында белгілі болған дербес деректерге қатысты дербес деректердің құпиялылығы қамтамасыз етілуге тиіс. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңы. 

      Осы Заң дербес деректер саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ дербес деректердi жинаумен, өңдеумен және қорғаумен байланысты қызметтiң мақсатын, қағидаттарын және құқықтық негiздерiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы