27-бап. Банктік шоттар Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы
1. Банктік шот клиент пен банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасында банктік шот шарты, корреспонденттік шот шарты және (немесе) банктік салым шарты жасалған кезде ашылады.
Ағымдағы немесе корреспонденттік шотты немесе банктік салымды ашу кезінде жасалатын шарт осы Заңның 13-бабының 4-тармағында көзделген көрсетілетін төлем қызметін ұсыну кезінде жасалатын шарт болып табылады. Клиентпен жасалатын өзге шарттарда көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынудың талаптарын белгілеуге жол беріледі.
Клиенттің банктік шот ашу туралы электрондық нысанда жіберген өтінішінің негізінде банктік шот шарты жасалғанға дейін банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиентке жеке сәйкестендіру кодын беруіне жол беріледі. Бұл ретте банктік шот клиент пен банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасында банктік шот шарты жасалғаннан кейін ашылды деп есептеледі. Клиент банктік шот шартын жасамаған жағдайда, банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жеке сәйкестендіру кодын жояды.
2. Банкке және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға:
1) егер клиенттің банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашылған банктік шотына берілген уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері және (немесе) өкімдері, үшінші тұлғалардың банктік шоттан ақшаны алып қою туралы талаптары болған және (немесе) оның банктік шотындағы ақшаға тыйым салынған жағдайларда, банктік шотта тыйым салынатын ақша сомасы жеткіліксіз болған кезде клиентке жаңа банктік шот;
2) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ол туралы ақпарат берілген әрекетсіз салық төлеушіге банктік шот;
3) анонимдік банктік шот немесе ойдан шығарылған атқа банктік шот;
4) "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда клиентке банктік шот ашуға тыйым салынады.
3. Осы баптың 2-тармағы 1) және 2) тармақшаларының ережелері:
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1) клиент – жеке тұлғаға мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті немесе мемлекеттік бюджеттен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан есепке жатқызылатын біржолғы зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны), тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақтарды және (немесе) нысаналы жинақ төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан материалдық залалдың өтелуін және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін есепке жатқызуға арналған банктік шотты;
2) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайға ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінде банктік шот ашу жағдайларына қолданылмайды.
Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның Қазақстан Республикасының бей- резидент банктерімен жасалған шарттардың және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарын орындау шеңберінде банктік шот ашудан бас тартуына жол беріледі.
4. Банктік шоттар клиенттердің ағымдағы және жинақ шоттары, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары болып бөлінеді.
5. Клиенттің ағымдағы шоты бойынша:
1) банктің клиент ақшасының болуын қамтамасыз етуіне және оны пайдалануына;
2) клиенттің пайдасына ақшаны қабылдауға (есепке жатқызуына);
3) банктік шот шартында көзделген тәртіппен ақшаны үшінші тұлғалардың пайдасына аудару туралы клиенттің нұсқауын орындауға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) банктік шот шартында көзделген негіздер бойынша клиенттің ақшасын алып қою туралы үшінші тұлғалардың нұсқауларын орындауға;
5) көрсетілген шартта және осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттарда клиенттен қолма-қол ақша қабылдауды және оған беруді жүзеге асыруға;
6) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7) клиенттің талабы бойынша клиенттің банктегі ақша сомасы және банктік шот шартында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүргізілген операциялар туралы ақпарат беруге;
8) клиентке банктік шот шартында, Қазақстан Республикасының заңнамасында және банк практикасында қолданылатын iскерлiк айналым дағдыларында көзделген өзге де банк қызметін көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операциялар орындалады.
6. Клиенттің жинақ шоты бойынша:
1) банктің клиентке тиесілі ақшаның болуын қамтамасыз етуіне және оны пайдалануына;
2) клиенттен немесе үшінші тұлғалардан ақшаны қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз да тәсілмен қабылдауды жүзеге асыруға;
3) банктік салым шартында айқындалатын мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге;
4) банктік салым шартында және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптармен, оның ішінде оларды клиенттің басқа банктік шотына аудару жолымен клиентке ақшаны қайтаруға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) банктік шот шартында көзделген негіздер бойынша клиенттің ақшасын алып қою туралы үшінші тұлғалардың нұсқауын орындауға байланысты операциялар орындалады.
7. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның корреспонденттік шоты бойынша:
1) банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның немесе оның клиенттерінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауға (есепке жатқызуға);
2) банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның немесе оның клиенттерінің міндеттемелерін орындау мақсатында банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға не үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы нұсқауын орындауға;
3) көрсетілген шартта және осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттарда банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға корреспонденттік шоттан қолма-қол ақша қабылдауды және оны беруді жүзеге асыруға;
4) корреспонденттік шот шартында көзделген басқа да қызметтерді көрсетуге байланысты операциялар орындалады.
Корреспонденттік шоттар банктер арасында, сондай-ақ банктер мен "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктер арасында, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында, банктер мен Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдары арасында ашылады.
Банктердің "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктерге корреспонденттік шоттар ашу және жүргізу ерекшеліктері, оның ішінде валюта мен операциялар тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 7-тармақты төртінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
7-1. Банктік шоттардан қолма-қол ақша беру кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу қағидаларына сәйкес және, егер аз мөлшер банктік шот шартында көзделмесе және оны Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі белгілемесе, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісінде айқындалған сомалар мөлшері шегінде жүзеге асырылады.
8. Осы баптың 5, 6 және 7-тармақтарында көрсетілген операциялар жүргізілмейтін, сондай-ақ банктегі немесе банк операцияларын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы бухгалтерлік есептің позицияларын көрсететін шоттар, баланстық шоттың құрауыштары болып табылатын жеке шоттар (қосалқы позициялар), оның ішінде несиелік шоттар банктік шоттар болып табылмайды.
9. Клиентке "эскроу-шот" режимінде банктік шот ашуға рұқсат етіледі.
Атына эскроу-шот ашылған тұлға клиент айқындаған шарттарды орындамаған және банктік шот шарты бойынша мұндай талаптардың басталу немесе орындалу мерзімі аяқталған жағдайларда, банк эскроу-шот ашқан клиентке ақшаны қайтарады.
Эскроу-шоттағы ақшаға эскроу-шот шартының талаптарына байланысты іс жөніндегі сот актісі бойынша ғана тыйым салуға және өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
10. Клиенттердің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасына өндіріп алу қолданылған жағдайда, мұндай өндіріп алу клиенттердің банктік шоттарынан ғана жүргізіледі.
Банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарындағы ақшаға өндіріп алуды қолдану банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өз міндеттемелері бойынша ғана жүргізіледі.
Мыналарға:
1) мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 1-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-1) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
2) тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
2-1) тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар түрінде екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға;
Тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі және екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақша осы тармақшаға сәйкес, жеке дербес шоттар (субпозициялар) ашу арқылы бөлек есепке алынуға жатады;
2-2) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайға ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттағы ақшаға;
2-3) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;
3) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға;
4) "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға;
5) банктік шоттардағы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін трансферттерге;
5-1) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
5-2) номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
5-3) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
7) төлем талаптары негізінде банктік қарыздар бойынша клиенттердің алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шоттарындағы ақшасына;
8) жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
9) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын жинақ шоттарындағы ақшаға, төлем талаптары негізінде осындай банктік қарыздар бойынша өтелмеген негізгі борыш сомасы мөлшерінде;
10) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға;
11) өзіне қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған азаматтың банктік шоттарындағы ақшаға;
12) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
Осы тармақтың үшінші бөлігі 6) тармақшасының ережесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптар бойынша ақшаны алып қоюға қолданылмайды.
11. Уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы тиісті шешімдері және (немесе) өкімдері не терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне, сондай-ақ террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізіміне енгізілген ұйымдар мен жеке тұлғалар туралы уәкілетті органның ақпараты негізінде ақша жөнелтушінің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, сондай-ақ мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы актілер негізінде мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою, клиенттің ақшасына тыйым салу туралы актілер негізінде ақша жөнелтушінің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 11-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттар бойынша, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайға ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттағы ақшаға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар түрінде екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға, инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, сондай-ақ нотариус депозиті шарттарында енгізілген, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға, банктік шоттардағы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін трансферттерге, инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған банктік шоттардағы ақшаға, уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына, жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаға, әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға, уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және қызметін мәжбүрлеп тоқтату процесінде тұрған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасына тыйым салуға, шығыс операцияларын тоқтата тұруға, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қоюға, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер қоюға жол берілмейді.
Осы тармақтың екінші бөлігінің ережесі лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары қоятын шектеулерге қолданылмайды.
12. Клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операциялары уәкілетті мемлекеттік орган немесе лауазымды адам банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімін және (немесе) өкімін, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы актіні кері қайтарып алғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде, "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" және "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен қайта басталады.
Клиент салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінде көрсетілген салықтық берешек сомасын өтеген жағдайда, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді кері қайтарып алғанға дейін клиенттің банктік шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын қайта бастайды.
Клиенттің банктік шотындағы ақшаға салынған тыйым клиенттің ақшасына тыйым салу құқығы бар тұлғаның ақшаға тыйым салу туралы бұрын өзі қабылдаған актінің күшін жою туралы тиісті жазбаша хабарламасы негізінде не банктік шоттағы ақшаға бұрын салынған тыйымды орындау үшін берілген инкассолық өкімді банк орындағаннан кейін не "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда алынады.
Ақша жөнелтушінің банкі осы Заңда айқындалған тәртіппен клиенттің банктік шоты жабылған кезде банктік шотқа қойылатын орындалмаған талаптарды, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы актілерді, клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін және (немесе) өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салу құқығы бар тұлғалардың клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу туралы актілерін орындамастан қайтарады.
13. Мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы акт, уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері және(немесе) өкімдері, клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу туралы актілер келіп түскен кездегі банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның әрекет ету тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасында төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт), төлем қызметтері нарығын реттеу және оларды бақылау, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
 
                                             
                                            