Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 28-1-бап. Киберқауіпсіздікті зерттеуші иберқауіпсіздік туралы Заңы

28-1-бап. Киберқауіпсіздікті зерттеуші иберқауіпсіздік туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

28-1-бап. Киберқауіпсіздікті зерттеуші иберқауіпсіздік туралы Заңы 

      1. Киберқауіпсіздікті зерттеуші: 

      1) цифрлық объектінің меншік иесі және (немесе) иегері белгілеген шекараларда осалдықты іздеуді жүзеге асырады; 

      2) анықталған осалдық сипатталған есепті ұсынады; 

      3) цифрлық объектілердің меншік иелерін және (немесе) иегерлерін анықталған осалдық туралы хабардар етеді; 

      4) анықталған осалдық туралы мәліметтерді ол толық жойылғанға дейін және цифрлық объектінің меншік иесі және (немесе) иегері тарапынан ресми рұқсат берілгенге дейін ашпайды; 

      5) анықталған осалдықты жеке немесе заңсыз мақсаттарда пайдаланбайды;  

      6) осалдықты іздеу кезінде цифрлық объектінің штаттық жұмыс істеуін бұзбайды. 

      2. Киберқауіпсіздікті зерттеуші өз қызметінің нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы