Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 28-3-бап. Берешекті қайта құрылымдау туралы келісім Оңалту және банкроттық туралы Заңы

28-3-бап. Берешекті қайта құрылымдау туралы келісім Оңалту және банкроттық туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

28-3-бап. Берешекті қайта құрылымдау туралы келісім Оңалту және банкроттық туралы Заңы 

      1. Берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде борышкер барлық кредиторлармен берешекті қайта құрылымдау туралы келісім жасасуға міндетті. 

      2. Берешекті қайта құрылымдау туралы келісімде келісімнің шарттары, борышкердің кредитор (кредиторлар) алдындағы міндеттемелерін орындау тәртібі, тәсілдері мен мерзімдері туралы ережелер қамтылуға тиіс. 

      Берешекті қайта құрылымдау туралы келісім үш жылдан аспайтын мерзімге жасалады. 

       2-1. Егер берешекті қайта құрылымдау туралы келісім жасалған кезде мемлекеттік орган кредиторлардың бірі болып әрекет етсе, берешекті қайта құрылымдау туралы келісім мұндай мемлекеттік орган алдында берешекті бөліп өтеу шарттарымен келісім бекітілген күннен бастап үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.  

      Салықтық берешек осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары сақталған жағдайда борышкердің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлік кепілімен және (немесе) банктің кепілдігімен өтеледі. 

      Кепілге берілетін мүлік өтімді, жоғалудан немесе бүлінуден сақтандырылған болуға тиіс және оның нарықтық құны салықтық берешек сомасынан кем болмауға тиіс. Мыналар: 

      1) тіршілікті қамтамасыз ету объектілері; 

      2) энергияның электр, жылу және өзге де түрлері; 

      3) тыйым салынған мүлік; 

      4) мемлекеттік органдар салған шектеулері бар мүлік; 

      5) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік; 

      6) тез бұзылатын шикізат, тамақ өнімдері кепіл нысанасы болмайды. 

      3. Берешекті қайта құрылымдау туралы келісімде көзделген құқықтар мен міндеттерді өзіне қабылдайтын үшінші тұлғалардың берешекті қайта құрылымдау туралы келісімге қатысуына рұқсат беріледі. 

      4. Берешекті қайта құрылымдау туралы келісім: 

      1) борышкер міндеттемелерінің орындалуын кейінге қалдыру және (немесе) мерзімін ұзарту; 

       2) борышкердің талап ету құқықтарын басқаға беру;  

      3) борышты толық немесе ішінара кешіру; 

      4) тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есептен шығару; 

      5) алынған қарыздар бойынша сыйақы мөлшерін азайту; 

      6) кредитордың (кредиторлардың) талаптарын Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қанағаттандыру шарттарымен жасалуы мүмкін. 

      5. Берешекті қайта құрылымдау туралы келісім жазбаша нысанда қазақ және орыс тілдерінде жасалады және оған борышкер – дара кәсіпкер, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген тұлға), құрылтайшысы (қатысушысы) және әрбір кредитор қол қояды. 

      Кредитор келісімнің шарттарымен келіспеген кезде мұндай келісім жасалмайды. 

      Келісім жасалмаған кезде берешекті қайта құрылымдау рәсімі аяқталған болып есептеледі және мыналарға: 

       1) осы Заңның 28-2-бабының 1) тармақшасына сәйкес басталған салдарлардың күші – сот берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап; 

       2) осы Заңның 28-2-бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес басталған салдарлардың күші – осы баптың 1-тармағында белгіленген берешекті қайта құрылымдау туралы келісім жасасу мерзімі аяқталған күннен бастап тоқтатылады. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ. 

      Осы Заң кредиторлардың талаптарын борышкер толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану және борышкерді банкрот деп тану, борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату үшін негіздерді белгілейді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы