28-бап. Бірыңғай операторға қойылатын талаптар Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы
1. Бірыңғай оператор қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсаттары үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген капиталдың жеткіліктілік нормативін сақтайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген норматив мәнінің нашарлау жағына қарай күтілетін өзгерісі және шекті мәніне жетуі кезінде Бірыңғай оператордың жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдерге сәйкес ұлғайтылуға тиіс.
3. Бірыңғай оператор тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады.
4. Бірыңғай оператордың бағдарламалық-техникалық құралдары және негізгі қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де жабдығы болады.
5. Бірыңғай оператор капитал жеткіліктілігінің нормативін есептеу үшін:
1) Бірыңғай оператордың меншікті капиталын;
2) тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген шартты міндеттемелерді (берілген кепілдіктер бойынша міндеттемелерді) пайдаланады.
6. Капитал жеткіліктілігінің нормативі меншікті капиталдың тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген шартты міндеттемелерге арақатынасы ретінде есептеледі.
7. Капитал жеткіліктілігі нормативінің шекті мәні кемінде 0,05 құрауы тиіс.
8. Капитал жеткіліктілігі нормативінің мәнін есептеу үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес дайындалған шоғырландырылған қаржылық есептілік пайдаланылады.
9. Бірыңғай оператор жылдық қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге міндетті.
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ.
Осы Заң жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу жөніндегі қызметке байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау кепiлдiктерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы