29-10-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін бақылауы Микроқаржылық қызмет туралы Заңы
1. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым өз мүшелерінің (қатысушыларының) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауын бақылауды тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырады.
2. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерін (қатысушыларын) тексеру:
1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше болу (қатысу) шарттарын, сондай-ақ микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын сақтауын бақылау мақсатында;
2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің (қатысушысының) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын не Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны туралы шағым түскен кезде;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне (қатысушысына) тексеру жүргізу туралы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
3. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын сақтамағаны үшін өз мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты мынадай ықпал ету шараларын қолдануға құқылы:
1) анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімдерде міндетті түрде жою туралы талап қою;
2) жазбаша нысанда ескерту шығару;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген мөлшерде айыппұл салу;
4) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерін (қатысушыларын) тізілімнен шығару;
5) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шаралар.
4. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты осы баптың 3-тармағында көзделген ықпал ету шараларын қолдану тәртібі микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы.
Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы