Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 29-11-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін   ұйымдардың тізілімі және оларды тізілімнен шығару Микроқаржылық қызмет туралы Заңы

29-11-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін   ұйымдардың тізілімі және оларды тізілімнен шығару Микроқаржылық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

29-11-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін   ұйымдардың тізілімі және оларды тізілімнен шығару Микроқаржылық қызмет туралы Заңы 

      1. Уәкілетті орган микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізеді. 

      2. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінде қамтылған мәліметтер ашық мәліметтер болып табылады, олар уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады және жаңартылып отырады. 

      Осы Заңның 29-5-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкес келетін микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым туралы мәліметтер "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес хабарлама негізінде микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізіледі. 

      3. Мыналар микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарды тізілімнен шығаруға негіз болып табылады: 

      1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды тізілімнен ерікті түрде шығару, тарату немесе біріктіру, қосу, бөлу немесе бөліп шығару нысанында жүргізілген қайта ұйымдастыру туралы шешімі; 

      2) Өзін-өзі реттеу туралы заңның 9-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінде және осы Заңның 29-5-бабының 7-тармағында көзделген құжаттарды екі ай ішінде ұсынбау; 

      3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімі; 

      4) уәкілетті органның жазбаша нұсқамасын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау; 

      5) уәкілетті органға есептілікті бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) ұсынбау және (немесе) анық емес есептілікті ұсыну; 

      6) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде осы Заңның 29-5-бабының 5-тармағында белгіленген талапқа сәйкес келмеуі. 

      4. Уәкілетті орган микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды осы баптың 3-тармағында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағаннан кейін бір жыл ішінде мұндай коммерциялық емес ұйым микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым ретінде қызметті жүзеге асыру мүмкіндігіне ие бола алмайды. 

      5. Тізілімнен шығарылған микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) болып табылған микроқаржы ұйымдарына қатысты оның осы Заңның 29-7-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында және 29-10-бабында белгіленген оның функциялары микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызмет саласындағы осындай өзін-өзі реттейтін ұйымға кірген күннен бастап тиісті түрдегі микроқаржылық қызмет саласындағы өзге өзін-өзі реттейтін ұйымға ауысады, ал жұмыс істеп тұрған тиісті түрдегі микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым болмаған жағдайда микроқаржы ұйымы тиісті түрдегі микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізілген және микроқаржылық қызмет саласындағы осындай өзін-өзі реттейтін ұйымға кірген күнге дейін уәкілетті органның бақылауы мен қадағалауында қалады. 

      6. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығарылған жағдайда, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым, оның мүшелері (қатысушылары) және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасындағы құқықтық қатынастардан қалыптасқан және туындайтын барлық құжат пен мәліметті мүшелерінің (қатысушыларының) құрамына өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығарылған микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) кірген микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін басқа ұйымға, ал жұмыс істеп тұрған микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым болмаған жағдайда уәкілетті органға беруге міндетті. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар мен мәліметтер уәкілетті органға берілген кезде уәкілетті орган микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесі (қатысушысы) мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы арасындағы құқықтық қатынастардан туындайтын міндеттемелерді, сондай-ақ микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның үшінші тұлғалармен құқықтық қатынастарынан туындайтын мүліктік сипаттағы өзге де міндеттемелерді атқармайды. 

      Осы тармақта көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді беру тәртібі осы Заңның 29-5-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актіде белгіленеді. 

      7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген материалдарды беру жөніндегі міндетті орындамағаны үшін тізілімнен шығарылатын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы. 

      Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды. 

  Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы