29-13. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелікті (қатысуды) тоқтату Микроқаржылық қызмет туралы Заңы
1. Микроқаржы ұйымының микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелікті (қатысуды) тоқтатуға мыналар негіз болып табылады:
1) микроқаржы ұйымының микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелігін (қатысуын) ерікті түрде тоқтату микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады;
2) микроқаржы ұйымын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның шешімі бойынша микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) қатарынан шығару микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы осындай шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап жүзеге асырылады;
3) микроқаржы ұйымын лицензиядан айыру уәкілетті орган осындай шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап жүзеге асырылады;
4) микроқаржы ұйымын тарату осы Заңға сәйкес микроқаржы ұйымы таратылған күннен бастап жүзеге асырылады;
5) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін тоқтату микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі тоқтатылған күннен бастап жүзеге асырылады.
2. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мынадай:
1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі (қатысушысы) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) сақтамаған;
2) мүше (қатысушы) мүшелік жарналарды бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) төлемеген;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуға қабылдау үшін мүше ұсынған құжаттарда анық емес мәліметтер анықталған жағдайда микроқаржы ұйымын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) қатарынан шығару туралы шешім қабылдауға құқылы.
3. Микроқаржы ұйымы өзінің микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуына байланысты төлеген кіру жарнасы мен мүшелік жарналар микроқаржы ұйымының микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуы тоқтатылған кезде қайтарылуға жатпайды.
4. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуға қабылдаудан бас тарту немесе оның мүшелері (қатысушылары) қатарынан шығару туралы микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның шешіміне, сондай-ақ микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің (қатысушысының), оның мүшелеріне (қатысушыларына) кандидаттың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сотқа шағым жасауға болады.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы.
Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы