Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 29-5-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін  ұйымды құру Микроқаржылық қызмет туралы Заңы

29-5-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін  ұйымды құру Микроқаржылық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  29-5-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін  ұйымды құру Микроқаржылық қызмет туралы Заңы 

      1. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым деп микроқаржы ұйымдарының немесе кредиттік серіктестіктердің немесе ломбардтардың міндетті мүшелігіне (қатысуына) негізделген, өз мүшелерінің (қатысушыларының) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылау үшін құрылған, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізіліміне енгізілген өзін-өзі реттейтін ұйым танылады. 

      2. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым коммерциялық емес ұйым болып табылады және қауымдастық (одақ) нысанында құрылады және өз қызметін осы Заңның 3-бабының 1-тармағында көрсетілген микроқаржылық қызметтің бір түріне қатысты жүзеге асырады. 

      3. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысымен, стандарттарымен және қағидаларымен, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыру тәртібімен реттеледі. 

      Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыру тәртібі мыналарды: 

      1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның бюджетті жасауына қойылатын талаптарды; 

      2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлері туралы мәліметтерді; 

      3) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығарылған микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның өз қызметі барысында пайда болған, сондай-ақ мүшелердің (қатысушылардың) қызметіне қатысты құжаттар мен мәліметтерді микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін басқа ұйымға немесе уәкілетті органға беру тәртібін белгілейді. 

      4. Микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар бір мезгілде микроқаржылық қызмет саласындағы екі және одан көп өзін-өзі реттейтін ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) бола алмайды. 

      5. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым құрамында мүшелері (қатысушылары) ретінде микроқаржы ұйымдарының немесе кредиттік серіктестіктердің немесе ломбардтардың жалпы санының кемінде жиырма бір пайызын біріктіруге тиіс. Микроқаржы ұйымдарының, кредиттік серіктестіктер мен ломбардтардың жалпы саны уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын ақпараттың негізінде айқындалады. 

      6. Мүшелік (қатысу) шарттарында біріктіруші микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның атауында: 

      микроқаржы ұйымдарының атауында "микроқаржы ұйымдарының өзін-өзі реттейтін ұйымы" деген сөздер болуға тиіс; 

      кредиттік серіктестіктердің атауында "кредиттік серіктестіктердің өзін-өзі реттейтін ұйымы" деген сөздер болуға тиіс; 

      ломбардтардың атауында "ломбардтардың өзін-өзі реттейтін ұйымы" деген сөздер болуға тиіс. 

      Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның атауында "ұлттық", "мемлекеттік", "республикалық" немесе "орталық" деген сөздерді кез келген тілде толық немесе қысқартылған түрде пайдалануға тыйым салынады. 

      Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның атауы ретінде микроқаржы ұйымдарының атауымен бірдей немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілерді пайдалануға жол берілмейді. 

      7. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Өзін-өзі реттеу туралы заң) 9-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде уәкілетті органға мынадай мәліметтер мен құжаттарды ұсынады: 

      1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жалпы жиналысы бекіткен жарғының көшірмесі; 

      2) Өзін-өзі реттеу туралы заңда, осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес әзірленген және микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы бекіткен микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттары; 

      3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымда өз мүшелерінің (қатысушыларының) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар алдындағы мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз етудің бір немесе бірнеше тәсілдердің бар екенін растайтын мәліметтер мен құжаттар; 

      4) атқарушы басқару органының басшысы қол қойған, микроқаржы ұйымдарының немесе кредиттік серіктестіктердің немесе ломбардтардың жалпы санының кемінде жиырма бір пайызын қамтитын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) тізілімінен үзінді көшірме; 

      5) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның осы Заңға сәйкес өз өкілеттіктерін орындау мүмкіндігін растайтын бюджеті. 

      Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның бюджетті жасауына қойылатын талаптар уәкілетті органның осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді; 

      6) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлерінің "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын мәліметтер мен құжаттар. 

      Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлері туралы мәліметтер уәкілетті органның осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісіне сәйкес ұсынылады. 

      Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлері болып алқалы басқару органының басшысы, оның орынбасары және мүшелері, атқарушы басқару органының басшысы, оның орынбасары және атқарушы басқару органының мүшелері танылады. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы. 

      Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды. 

  Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы