29-6-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттары Микроқаржылық қызмет туралы Заңы
1. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары Өзін-өзі реттеу туралы заңның 20-1-бабында көзделген талаптардан басқа, мыналарды қамтуға тиіс:
1) кіру жарналары мен мүшелік жарналардың мөлшері және (немесе) оларды есептеу тәртібі, төлеу тәртібі;
2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым қызметкерлерінің кәсіби әдебінің қағидалары;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның өз интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру тәртібі, оның тізбесі, нысандары мен мерзімдері;
4) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым өз бетінше айқындайтын өзге де ережелер.
2. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның стандарттары Өзін-өзі реттеу туралы заңның 20-2-бабында көзделген талаптардан басқа:
1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы;
2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) тәуекелдерді басқару жүйесін басқаруы туралы ережелерді қамтуға тиіс.
Осы тармақшаның талабы мүшелері (қатысушылары) кредиттік серіктестіктер немесе ломбардтар болып табылатын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарға қолданылмайды;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауы;
4) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындауы;
5) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруы туралы ережелерді;
6) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым өз бетінше айқындайтын өзге де ережелерді қамтуға тиіс.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы.
Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы