29-9-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдары Микроқаржылық қызмет туралы Заңы
1. Мыналар микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдары болып табылады:
1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы;
2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органы;
4) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның бақылау органы (ревизиялық комиссия).
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдарын қалыптастыру тәртібі, олардың құрылымы, құзыреті және өкілеттіктерінің мерзімі, осы органдардың шешімдер қабылдау тәртібі осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленеді.
2. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы жоғары басқару органы болып табылады, ол осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және өзінің жарғысымен өз құзыретіне жатқызылған, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің мәселелерін қарауға өкілетті.
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленген тәртіппен және кезеңділікпен, бірақ жылына бір реттен сиретпей шақырылады.
3. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мыналар жатады:
1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысын бекіту, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің басым бағыттарын айқындау;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды ерікті түрде тарату және тарату комиссиясын тағайындау туралы шешім қабылдау;
4) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының басшысын, орынбасарын және мүшелерін сайлау, көрсетілген органның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату немесе басшыларының не оның жекелеген мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
5) өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органының функцияларын жүзеге асыратын адамдарды лауазымға тағайындау, оларды лауазымынан мерзімінен бұрын босату, сол сияқты атқарушы басқару органын құру және оның өкілеттіктерін тоқтату;
6) алқалы және атқарушы басқару органдарының, бақылау органының (ревизиялық комиссияның) және мамандандырылған органдардың есептерін микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленген тәртіппен және кезеңділікпен бекіту;
7) кіру жарнасы мен мүшелік жарналардың мөлшерін белгілеу;
8) мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету тәсілдерін айқындау;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына және микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысына сәйкес өзге де шешімдер қабылдау.
4. Егер микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жартысынан көбі қатысса, жиналыс өз құзыретіне жатқызылған шешімдерді қабылдауға құқықты.
5. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешімдері – жалпы жиналысқа қатысатын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) дауыстары санының көпшілік дауысымен немесе ол сырттай дауыс беру арқылы өткізілген жағдайда микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелері (қатысушылары) дауыстарының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
6. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысын өткізу тәртібі, отырыстардың күн тәртібін қалыптастыру тәртібі, дауыс беруді өткізу шарттары мен тәртібі микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында айқындалады.
7. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға басшылық етуді микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысында сайланған микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы жүзеге асырады.
Алқалы басқару органының сандық құрамы, оны қалыптастырудың, оның қызметінің, шешімдер қабылдауының, өкілеттіктерін тоқтатудың тәртібі мен шарттары микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленеді.
8. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының құзыретіне мыналар жатады:
1) мәселелерді микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының қарауына шығару;
2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелері (қатысушылары) болып кіру және микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелікті тоқтату туралы шешім қабылдау;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мамандандырылған органдарын құру, олар туралы ережелерді және олардың қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
4) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның бюджетін бекіту, оған өзгерістер енгізу;
5) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын бекіту және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
6) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында көзделген өзге де мәселелер.
Алқалы басқару органы микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелері (қатысушылары) өкілдерінің, сондай-ақ тәуелсіз мүшелерінің қатарынан қалыптастырылады.
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы мүшелерінің саны кемінде жеті адамды құрауға тиіс.
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйыммен немесе оның мүшелерімен еңбек қатынастары жоқ адамдар тәуелсіз мүшелер болып саналады. Тәуелсіз мүшелер микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы мүшелерінің кемінде бестен бірін құрауға тиіс.
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады.
Алқалы басқару органының мүшесі өзі акционері (қатысушысы), қызметкері болып табылатын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесіне (қатысушысына) қатысты мәселелер бойынша дауыс бере алмайды.
9. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органы:
1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жұмысын ұйымдастырады, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдарда микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүдделерін білдіреді;
4) өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының және оның алқалы басқару органының құзыретіне жатпайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10. Бақылау органы (ревизиялық комиссия) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдары мен олардың лауазымды адамдарының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның органы болып табылады.
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның бақылау органы (ревизиялық комиссия) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына есеп береді және оның бақылауында болады.
Бақылау органының (ревизиялық комиссияның) есептерін ұсыну тәртібі мен мерзімдері микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы.
Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы