Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 3-1-бап. Осы Заңның негiзгi мақсаты, мiндеттерi мен қағидаттары Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы

3-1-бап. Осы Заңның негiзгi мақсаты, мiндеттерi мен қағидаттары Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-1-бап. Осы Заңның негiзгi мақсаты, мiндеттерi мен қағидаттары Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы 

      1. Осы Заңның негізгі мақсаты – азаматтар мен экономиканың әуе тасымалдарына, авиациялық жұмыстарға деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

      2. Осы Заңның негізгі міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушылардың оны қауiпсiз пайдалануын қамтамасыз ету, адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, мемлекет мүдделерiне қатер төндiрмей ұшуды орындау;

      2) әуе кеңістігін пайдалануға және ұшуды орындауға байланысты қызметті жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгілеу;

      3) Қазақстан Республикасы экономикасының және азаматтардың авиациялық қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру;

      4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің мүдделерін қорғау.

      3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:

      1) ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік;

      2) заңдылық;

      3) авиациялық көрсетілетін қызметтерге және қызметке тең қолжетімділік;

      4) әуе көлігі инфрақұрылымының тұтастығын және іркіліссіз жұмыс істеуін сақтау;

      5) азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік реттеудің тиімділігі.

 

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға және авиация қызметіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы экономикасының, жеке және заңды тұлғалардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әуе кеңістігі мен авиация қызметін пайдалану тәртібін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы