Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 3-2-бап. Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру  ерекшеліктері Микроқаржылық қызмет туралы Заңы

3-2-бап. Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру  ерекшеліктері Микроқаржылық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-2-бап. Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру  ерекшеліктері Микроқаржылық қызмет туралы Заңы 

      1. Микроқаржы ұйымдары уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электрондық тәсілмен микрокредиттер беруге құқылы. 

      2. Микроқаржы ұйымдарының жеке тұлғаны биометриялық аутентификациялауды жүргізбей, онымен Интернет арқылы микрокредит беру туралы шарт жасасуына тыйым салынады. 

      Биометриялық аутентификациялауды жүргізу тәртібін, сондай-ақ биометриялық аутентификациялаудың нәтижелерін сақтау мерзімдерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды. 

      Егер микрокредит сомасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден асатын болса, қарыз алушыны биометриялық аутентификациялау "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында жұмыс істеуі көзделген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Сәйкестендіру деректерін алмасу орталығы арқылы жүргізіледі. 

      3. Микрокредит беру құпиясын құрайтын ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізілгені, оның құқыққа сыйымсыз өзгертілгені, үшінші тұлғалар тарапынан құқыққа сыйымсыз әрекеттердің не жеке тұлғалардың микрокредиттерімен өзге де заңсыз (алаяқтық) әрекеттердің жүзеге асырылғаны анықталған кезден бастап микроқаржы ұйымы бір жұмыс күні ішінде бұл туралы клиентке және уәкілетті органға хабар береді, екі жұмыс күні ішінде құқыққа сыйымсыз әрекеттерді жою үшін шаралар қабылдайды және он жұмыс күні ішінде мұндай әрекеттердің салдарын жою үшін шаралар қабылдайды. 

      4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес қылмыстық қудалау органдары енгізген (шығарған) қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсынудың не қарыз алушы жеке тұлғаны алаяқтық тәсілмен микрокредит ресімдеуге байланысты қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жәбірленуші деп тану туралы қаулының негізінде микроқаржы ұйымы көрсетілген ұсынуды не қаулыны алған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей, көрсетілген микрокредитке қатысты: 

      берешекті өндіріп алуды және талап-арыз жұмысын; 

      сыйақыны және (немесе) тұрақсыздық айыбын есепке жазуды тоқтата тұрады. 

      Микроқаржы ұйымы қарыз алушы жеке тұлғаның сәйкестендіру құралдарын үшінші тұлғаның заңсыз алуы және пайдалануы салдарынан, оның ішінде микроқаржы ұйымының қызметтерін қашықтан көрсетудің бағдарламалық қамтылымын алыстан басқаруды пайдалану және (немесе) микроқаржы ұйымының биометриялық аутентификациялауды жүргізу тәртібін не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген алаяқтықтың ішкі, сыртқы фактілерін және (немесе) өзге де тәсілдерін анықтау, тіркеп-белгілеу және талдау жөніндегі талаптарды бұзуы арқылы микрокредитті ресімдеу кезінде қылмыстық іс бойынша жәбірленуші деп танылған осындай жеке тұлғаға алаяқтық тәсілмен микрокредит ресімдеу фактісі анықталған заңды күшіне енген сот актісін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, оның тиісті микрокредит бойынша берешегін есептен шығару туралы, сондай-ақ осындай микрокредит бойынша бұрын ұсталған (төленген) сомаларды қарыз алушы жеке тұлғаға қайтару бойынша шаралар қабылдайды.  

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы. 

      Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы