3-3-бап. Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшіге берілетін микрокредит ерекшеліктері Микроқаржылық қызмет туралы Заңы
1. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шешім қабылдағанға дейін алған, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілердің кредиттік есебінде оны мерзімді әскери қызметке шақыру туралы ақпарат болған кезде микроқаржы ұйымдарының осындай әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында мерзімді әскери қызметті өткеруі кезеңінде оларға микрокредиттер беруіне тыйым салынады.
Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шешім қабылдағанға дейін алған, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшінің кредиттік есебінде оны мерзімді әскери қызметке шақыру туралы ақпарат болған кезде микроқаржы ұйымы осындай әскери қызметшіге микрокредит берген жағдайда микроқаржы ұйымы мұндай микрокредит бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес және мұндай микрокредит беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Заңның 4-бабының 14-тармағында көзделген шараларды қабылдайды.
2. Микроқаржы ұйымдары мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге микрокредит беру туралы шарт бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен микрокредит бойынша сыйақыны есепке жазбай, мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейінгі күнтізбелік алпыс күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынуға міндетті.
3. Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер туралы, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда микрокредиттің болуы не болмауы, ол бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік органдар мен кредиттік бюролардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, дербес деректерді жинау, өңдеу және пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы.
Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы