3-бап. Банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың негізгі мақсаты болып табылады.
2. Банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жұмыс істеуі үшін құқықтық негіздерді белгілеу;
2) Қазақстан Республикасындағы банк қызметін реттеу, бақылау және қадағалау;
3) банктер және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары депозиторларының, өзге де кредиторларының және клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
4) банк қызметтері нарығында адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
5) қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға және халыққа көрсетілетін банк қызметтерінің қолжетімді болуына жәрдемдесу.
3. Банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) банк қызметін тиімді және пропорционалды (мөлшерлес) реттеу;
2) банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің өзге де қатысушылары қызметінің ашықтығы;
3) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің өзге де қатысушыларының банк қызметін жүзеге асыру процесіндегі жауапкершілігі.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау