Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 3-бап. Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің мақсаты мен қағидаттары

3-бап. Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің мақсаты мен қағидаттары

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-бап. Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің мақсаты мен қағидаттары Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заңы 

 

      Көрсетілетін қызметті алушыларға сапалы мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетілуін қамтамасыз ету мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің мақсаты болып табылады.

      Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

      көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

      мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

           мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтердің клиентке бағдарлануы, сапасы мен қолжетімділігі;

       мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

      мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;

      мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік. 

 

 

 

 Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы. 

      Осы Заң мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы