Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 3-бап. Микроқаржылық қызмет Микроқаржылық қызмет туралы Заңы

3-бап. Микроқаржылық қызмет Микроқаржылық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  3-бап. Микроқаржылық қызмет Микроқаржылық қызмет туралы Заңы 

 

      1. Микроқаржылық қызметке: 

      1) микроқаржы ұйымының жеке және (немесе) заңды тұлғаларға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қамтамасыз етілетін не қамтамасыз етілмейтін микрокредиттер беру жөніндегі қызметі; 

      2) ломбардтың жеке тұлғаларға жеке пайдалануға арналған жылжымалы мүлкін кепілге салғыза отырып, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған көлік құралын кепілге қойғыза отырып, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде бір жылға дейінгі мерзімге нысаналы емес микрокредиттер беру жөніндегі қызметі; 

      3) кредиттік серіктестіктің өз қатысушыларына кредиттік серіктестіктің жоғары органы бекіткен кредиттік серіктестіктің ішкі қағидаларында айқындалатын мөлшерде қамтамасыз етілетін не қамтамасыз етілмейтін микрокредиттер беру жөніндегі қызметі жатады. 

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны уәкілетті орган береді. 

      3. Микроқаржы ұйымы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызметтен басқа, мынадай операцияларды жүзеге асыруға құқылы: 

      1) Қазақстан Республикасының резиденттерінен және бейрезиденттерінен қарыз тарту (кәсіпкерлік қызмет ретінде азаматтардан қарыз түрінде ақша тартуды қоспағанда); 

      2) меншікті активтерін бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестициялау; 

      3) қарыз алушыға оның кәсіпкерлік қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсету; 

      4) меншікті мүлкін мүліктік жалға (жалдауға) беру, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыру мақсатында жалданған мүлікті қосымша жалдауға (қосалқы жалға) беру; 

      5) меншікті мүлкін өткізу; 

      6) лизингтік қызметті жүзеге асыру; 

      7) төлем агентінің және қосалқы төлем агентінің функцияларын жүзеге асыру; 

      8) Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру ұйымдарының атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру агенті ретінде сақтандыру шарттарын жасасу; 

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық ақша жүйесі агентінің функцияларын жүзеге асыру; 

      10) факторингтік операциялар: төлем жасамау тәуекелін қабылдай отырып немесе қабылдамай, ақшалай талапты басқаға беріп қаржыландыру; 

      11) форфейтингтік операциялар (форфетирлеу): тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу; 

      12) заңды тұлғаларға ақшалай нысанда орындауды көздейтін кепілдіктерді, кепілгерліктерді және өзге де міндеттемелерді беру; 

      13) микроқаржы ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды немесе микроқаржы ұйымдарының қызметінде пайдаланылатын өзге де бағдарламалық қамтылымды әзірлеу, іске асыру және оған қолдау көрсету; 

      14) осы тармақтың 6), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген операцияларды жүзеге асырумен байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсету. 

      4. Ломбард осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызметтен басқа, осы баптың 3-тармағының 1), 2), 4), 5) және 8) тармақшаларында көрсетілген операцияларды жүзеге асыруға, сондай-ақ құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды есепке алуға, сақтауға және сатуға құқылы. 

      5. Кредиттік серіктестік осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызметтен басқа, осы баптың 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген операцияларды жүзеге асыруға, сондай-ақ осы баптың 3-тармағының 6), 7), 8), 10), 11) және 12) тармақшаларында көзделген операцияларды жүзеге асырумен байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетуге құқылы. 

      6. Микроқаржы ұйымына, ломбардқа, кредиттік серіктестікке осы Заңда көзделмеген өзге де кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы. 

      Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы