3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеті мен қағидаттары Төтенше жағдай туралы Заңы
1. Төтенше жағдай енгізуге негіз болған мән-жайларды жою осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Төтенше жағдай енгізу аймағында барлық қызмет салаларының жұмыс істеуін қалпына келтіру осы Заңның негізгі міндеті болып табылады.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) азаматтардың қауіпсіздігін, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, төтенше жағдайдың туындауы салдарынан қауіп төнген адамдардың өмірі мен денсаулығын, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен егемендігінің негіздерін сақтау;
2) заңдылықты сақтау.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жергілікті жерлерiнде төтенше жағдайды енгiзудiң және оның қолданылуының негiздерiн, мерзiмдерiн, тәртiбiн, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимін белгілейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы