3-бап. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметінің қағидаттары Прокуратура туралы Конституциялық заңы
1. Прокуратура өз өкілеттіктерін заңдылық, басқа мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан тәуелсіз болу, Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп беру, жариялылық қағидаттарында жүзеге асырады.
2. Прокуратура органдары өз функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде олардың қызметіне қандай да бір араласуға тыйым салынады.
3. Прокуратура кәсіпкерлік субъектілерінің, ұйымдардың және мемлекеттік органдардың қызметіне араласуға, олардың қызметін тексеруді тағайындауға, заңда көзделмеген негіздер бойынша ақпарат не құжаттар сұратуға құқылы емес.
4. Прокуратура органдары Қазақстан Республикасының адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бөлігіндегі, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау туралы заңдарының талаптарына қайшы келмейтіндей шамада жария түрде әрекет етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 155-VII ҚРЗ.
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасы прокуратурасының құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы