⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 3-бап. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасының мақсаты мен міндеттері Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы Заңы

3-бап. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасының мақсаты мен міндеттері Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 3-бап. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасының мақсаты мен міндеттері Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасының мақсаттары: 

      1) органикалық өнім өндірісінің және айналымының барлық кезеңінде оның тұтастығын қамтамасыз ету; 

      2) органикалық өнімнің ішкі нарығын дамыту және халықтың оған деген қажеттіліктерін қанағаттандыру; 

      3) органикалық өнімнің ұлттық брендін дамыту; 

      4) органикалық өнім өндірісі мен айналымы саласындағы ғылыми қамтамасыз ету болып табылады. 

      2. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасының міндеттері: 

      1) тамақ өнімдерінің сапасын арттыру; 

      2) жергілікті жағдайларға және органикалық өнім өндіру мақсаттарына бейімделген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын және ауыл шаруашылығы жануарларын пайдалануға жәрдемдесу; 

      3) органикалық өнім өндірушілерді жосықсыз бәсекелестіктен қорғау; 

      4) бәсекеге қабілеттілікті арттыру және органикалық өнім экспортын ұлғайтуға жәрдемдесу; 

      5) органикалық өнім өндірушілерге мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну болып табылады. 

 

      Осы Заң табиғи ресурстарды сақтауға және ұтымды пайдалануға, дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесуге және органикалық өнім нарығын дамытуға бағытталған органикалық өнім өндірісі мен айналымының құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы