Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 3-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасаудың, жүргiзудiң және сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастырудың мақсаты мен мiндеттерi  Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы Заңы

3-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасаудың, жүргiзудiң және сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастырудың мақсаты мен мiндеттерi  Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасаудың, жүргiзудiң және сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастырудың мақсаты мен мiндеттерi  Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы Заңы 

      1. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен жүргiзудiң мақсаты Қазақстан Республикасында сәйкестендiру нөмiрiн енгiзу негiзiнде белгiлi бiр тұлғаға қатысты мәлiметтердi тiркеудiң бiрыңғай жүйесiне көшу болып табылады. 

      2. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен жүргiзудiң мiндеттерi: 

      1) мемлекеттiк органдардың цифрлық дерекқорларына өзектi сипат беру және ақпараттың қайталануын болғызбау; 

      2) цифрлық ресурстарды басқару мен пайдалану тетiгiн жетiлдiру; 

      3) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк органдармен өзара қарым-қатынасын олардың жүгiнуi кезiнде рәсiмдердi жеделдету және оңайлату арқылы жетiлдiру болып табылады. 

      3. Жеке немесе заңды тұлға (филиал мен өкiлдiк) үшiн сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiндегi және мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелердiң цифрлық жүйелерiндегi белгiлi бiр жеке немесе заңды тұлғаға (филиал мен өкiлдiкке) қатысты мәлiметтердi сақтау үшiн жүзеге асырылады. 

      4. Сәйкестендiру нөмiрi: 

      1) азаматтық хал актiлерiн тiркеу; 

      2) жеке басты куәландыратын құжаттарды беру; 

      3) жылжымайтын, жылжымалы мүлiк объектiлерiн, сондай-ақ жылжымайтын заттарға теңестiрiлген өзге де объектiлердi мемлекеттiк тiркеу; 

      4) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруын қоспағанда, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару, сондай-ақ салықтық міндеттемелерді орындау; 

      5) шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарын және бейрезидент-заңды тұлғалардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарын қоспағанда, банктерде, бейрезидент-банктердің филиалдарында және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда банктік шоттарды ашу және жүргізу; 

      6) рұқсат беру сипатындағы құжаттарды беру; 

      7) тiркеу сипатындағы құжаттарды беру; 

      8) әскери билеттi, офицердiң жеке куәлiгiн беру; 

      9) статистикалық тіркелімдерді жүргізу; 

      10) сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыру; 

      11) сайлаушыларды сайлауларда және республикалық референдумдарға қатысу кезiнде тiркеу; 

      12) орталық мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелердiң цифрлық жүйелерін жүргiзу; 

      13) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) немесе филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу (қайта тiркеу); 

      14) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) кезiнде; 

      15) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген басқа да жағдайларда қолданылады. 

    

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 223 Заңы. 

       Осы Заң жеке, заңды тұлға (филиал мен өкiлдiк) үшiн сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастырудың негiзiнде сәйкестендiру нөмірлерінің ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен жүргiзудiң мақсаттарын, мiндеттерiн, принциптерi мен құқықтық негiздерiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы