3-бап. Жасанды интеллект саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары мен міндеттері Жасанды интеллект туралы Заңы
1. Жасанды интеллектінің дамуын қамтамасыз ету және оны адам өмірінің сапасын жақсарту және экономиканың тиімділігін арттыру үшін әртүрлі салаларға ендіруді ынталандыру жасанды интеллект саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің мақсаттары болып табылады.
2. Жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) жасанды интеллект саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің құқықтық және ұйымдастырушылық негізін айқындау;
2) жасанды интеллект жүйелерін, сондай-ақ жасанды интеллект жүйелері қызметінің нәтижелерін пайдалануда ашықтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) жасанды интеллект саласын дамытуға инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
4) жасанды интеллект саласындағы зерттеулер мен инновацияларды мемлекеттік қолдау.
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 17 қарашадағы № 230-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы