31-бап. Алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы - Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VIII ҚРЗ Заңымен алынып тасталды.
1. Алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу уәкілетті орган бекіткен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша жүзеге асырылады.
2. Алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай реттілікпен жүзеге асырылады:
1) бірінші кезеңде біліктілік органы білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастырады;
2) екінші кезеңде тапсырыс беруші білікті әлеуетті өнім берушілер тізбесіне енгізілген әлеуетті өнім берушілер арасында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
3. Алдын ала біліктілікті іріктеу қолданыла отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға, конкурстық құжаттамаға, алдын ала талқылауға, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлауға, конкурсқа қатысуға арналған өтінімге, оны қарауға, демпингтік бағаны ұсынуға, мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қойылатын талаптар осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңның 20, 21, 22, 23, 24, 26, 27 және 28-баптарында айқындалады.
4. Алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы