31-бап. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік медициналық инспекторы және (немесе) оның орынбасары;
2) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның басшысы айқындайтын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бас мемлекеттік медициналық инспекторлары мен олардың орынбасарлары;
3) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның мамандары медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар болып табылады.
2. Тиісті саладағы жоғары тұрған бас мемлекеттік медициналық инспектор төмен тұрған лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың арызы (шағымы) бойынша шешім шығарылғанға дейін олар қабылдайтын актілердің орындалуын тоқтата тұруға, күшін жоюға не оларды кері қайтарып алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы