Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 31-бап. Нотариустың қызметiн бақылау  5-тарау. Нотариустың қызметiн бақылау. Әдiлет органдарының нотариатты реттеу саласындағы құзыретi  Нотариат туралы Заңы

31-бап. Нотариустың қызметiн бақылау  5-тарау. Нотариустың қызметiн бақылау. Әдiлет органдарының нотариатты реттеу саласындағы құзыретi  Нотариат туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 31-бап. Нотариустың қызметiн бақылау  5-тарау. Нотариустың қызметiн бақылау. Әдiлет органдарының нотариатты реттеу саласындағы құзыретi  Нотариат туралы Заңы 

       1. Жасалған нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын және мемлекеттiк нотариустың және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылауды аумақтық әдiлет органы жүзеге асырады.  

      2. Жеке практикамен айналысатын нотариустардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды аумақтық әдiлет органы жүзеге асырады. 

      3. Нотариустың және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады. 

      3-1. Нотариустың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және , терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды аумақтық әділет органы жүзеге асырады. 

      4. Әдiлет органы мен нотариаттық палатаның лауазымды адамдары нотариус қызметiн тексеру кезiнде мәлiм болған нотариаттық iс-әрекеттер жасау құпиясын сақтауға мiндеттi. Құпияны жария еткенi және нотариусқа келтiрген зияны үшiн бұл адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.  

      5. Нотариустың қызметін бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 

      Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 408, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155-I Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы