Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 34-1-бап. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

34-1-бап. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

34-1-бап. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі 

      1. Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

      2. Осы Кодекстің 31-бабының 1-тармағында көзделген лауазымды адамдар тергеп-тексеруді осы Кодекске, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізеді.

      3. Арнаулы ғылыми білімі мен дағдылары бар тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандар, басқа мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары, консультанттары мен сарапшылары дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге және бағалауға жәрдем көрсету үшін тергеп-тексеруді жүргізуге тартылуы мүмкін.

      4. Бақылау мен қадағалау субъектілері тергеп-тексеру шеңберінде мыналарды:

      1) тергеп-тексеру жағдайына қатысты құжаттарды және (немесе) материалдарды, оның ішінде архивтік құжаттарды және (немесе) материалдарды, түсініктемелерді жазбаша түрде және электрондық нысанда ұсынуды, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруді;

      2) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың немесе комиссия мүшелерінің тергеп-тексеру нысанасына жататын объектінің аумағына (әкімшілік ғимараттарға, құрылысқа, құрылысжайға, үй-жайға және басқа да объектілерге) кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.

      4-1. Осы Кодекстің 34-2-бабының 4-тармағында көзделген негіздер болған кезде тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша осы Кодекске сәйкес жедел ден қою шаралары қолданылады.

      5. Тергеп-тексеруді жүргізу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептері анықталады, тергеп-тексеруді жүргізуге негіз болған Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуына жол берген бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) айқындалады.

      6. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексерудің нәтижелері туралы акт жасалады, онда анықталған бұзушылықтар, оларды жою жөніндегі нұсқаулар, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетіледі.

      Анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оларды орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып айқындалады, бірақ ол тергеп-тексерудің нәтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кем болмауға тиіс.

      7. Бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою үшін қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығындары қажет болған жағдайда, өзіне тергеп-тексерудің нәтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органға анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.

      8. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау субъектісі анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен адамдарды жауаптылыққа тарту жөніндегі шаралар қабылданады.

      9. Бақылау мен қадағалау субъектісі тергеп-тексерудің нәтижелері туралы актіде көрсетілген анықталған бұзушылықтарды мерзімінен бұрын жойған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

      Бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынылған ақпаратқа бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді.

      Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат ұсынылған жағдайда, сондай-ақ ол тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде белгіленген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      10. Тергеп-тексеруді жүргізу негіздерінің болмауы және лауазымды адамның немесе комиссия мүшелерінің медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді жүргізу тәртібін сақтамауы жоғары тұрған бас мемлекеттік медициналық инспектордың тергеп-тексеруді тағайындау, оның мерзімдерін ұзарту және нәтижелері туралы актіні жарамсыз деп тануы және (немесе) оның күшін жоюы үшін негіз болып табылады.

      11. Мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары тергеп-тексеру аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

      12. Тергеп-тексерудің нәтижелері туралы актіге шағым жасау тергеп-тексеру актісінің және онда көрсетілген іс-шаралардың орындалуын тоқтата тұрмайды.

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы