34-2-бап. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі
1. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органдарының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төндіретін медициналық қызметтер (көмек) көрсету жөніндегі қызметі анықталған жағдайда жедел ден қою шаралары қолданылады.
2. Тексеруді және тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) оны жүргізу нәтижелері бойынша қолданылатын, бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) әсер етудің осы бапта көзделген тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады.
Тексеруді, тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) оны жүргізу нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік іс жүргізуді қозғамай, жедел ден қою шаралары қолданылады.
3. Жедел ден қою шаралары мынадай түрлерді қамтиды:
1) рұқсат беру құжатының (лицензияның, лицензияға қосымшаның, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының) болмауы анықталған кезде бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) медициналық қызметтер (көмек) көрсету жөніндегі қызметін немесе оның жекелеген түрлерін (процестерді, әрекеттерді) тоқтата тұру;
2) денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты жоқ қызмет анықталған кезде адамдарды жұмыстан уақытша шеттету.
4. Рұқсат беру құжатынсыз (лицензиясыз, лицензияға қосымшасыз, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынсыз) медициналық қызметтер (көмек) көрсету жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептерін белгілеу және көрсетілген талаптардың бұзылуына жол берген бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау үшін тергеп-тексеруді жүргізу кезінде жедел ден қою шаралары рұқсат беру құжаты (лицензия, лицензияға қосымша және денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты) болмаған жағдайда ғана қолданылады.
5. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органы тексеруді немесе тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзу фактісі анықталған кезде осы Кодекстің 32-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген қаулы нысанында қадағалау актісін ресімдейді.
Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделеді және бақылау мен қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
6. Қадағалау актісін қолма-қол табыс ету кезінде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба енгізіледі және актіні қабылдаудан бас тарту фактісін белгілеп-тіркейтін бейнежазба жүзеге асырылады. Қадағалау актісі бақылау мен қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі.
7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
8. Тексеруді немесе тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзушылық қадағалау актілерінде көрсетіледі.
9. Бақылау мен қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтарды қадағалау актілерінде көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
10. Бақылау мен қадағалау субъектісі қадағалау актілерінде көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзушылықты жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
11. Осы баптың 10-тармағына сәйкес жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат ұсынылған жағдайда немесе тексеруді немесе тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) олардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін олардың жойылуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптардың анықталған бұзушылықтарының жойылғанын растаған жағдайда қадағалау актісінің қолданысы тоқтатылады.
12. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөніндегі шаралар қабылданады.
13. Бақылау мен қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген тексеру немесе тергеп-тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
14. Жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның қадағалау актісін жарамсыз деп тануы және оның күшін жоюы үшін мыналар негіз болып табылады:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) жедел ден қою шарасын осы шараға сәйкес келмейтін негіз бойынша қолдану;
3) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органдарының өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы;
4) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабында белгіленген жедел ден қою шараларын келісу және қабылдау тәртібін сақтамауы.
15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы