Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 36-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер Қазақстан Республикасының Патент Заңы

36-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер Қазақстан Республикасының Патент Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

36-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер Қазақстан Республикасының Патент Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi бар, аттестаттаудан өткен және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде (тізілімдерінде) тiркелген оның әрекетке қабiлеттi азаматы патенттiк сенiм білдірілген өкiл болуға құқылы. 

      Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту және оларға патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру нәтижелері бойынша патенттік сенім білдірілген өкіл қызметін: 

      1) тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары; 

      2) өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласында мамандануына сәйкес жүзеге асырады.

      Уәкілетті органның жанынан құрылатын патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан тұрады. 

      Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде (тізілімдерінде) тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 

      Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімдері уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады. 

      2. Аттестаттауға мынадай: 

      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын; 

      2) уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатын; 

      3) қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар; 

      4) осы Заңға сәйкес патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен (тізілімдерінен) шығарылған адамдар жiберiлмейдi. 

      3. Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесі бар не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен адамдар аттестаттауға жіберіледі. 

      4. Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімімен: 

      1) патенттік сенім білдірілген өкілдің патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияға берілген өтініші негізінде; 

      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын адамдарға, уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне жатқызу кезеңіне тоқтатыла тұрады. 

       3) осы Заңның 36-2-бабының 1-тармағында көзделген мән-жайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады. -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2025 жылғы 24 қарашадағы № 233-VIII ҚРЗ 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясы тиісті шешім қабылдағанға дейін үш ай бойы тоқтатыла тұрады. -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2025 жылғы 24 қарашадағы № 233-VIII ҚРЗ 

      Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі оның қызметін тоқтата тұруға себеп болған негіздер жойылған жағдайда, патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімімен қайта басталады. 

      5. Өтініш берушінің, патент иеленушінің өкілі ретінде патенттік сенім білдірілген өкіл уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша істерді жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен істерді жүргізуді өтініш беруші де және (немесе) патент иеленуші де дербес жүзеге асыра алады. 

      Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар өзінің өтініш беруші, патент иеленуші құқықтарын, сондай-ақ уәкілетті органдағы және оның ұйымдарындағы мүдделі тұлға құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілдер арқылы жүзеге асырады. 

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ оның шегінен тысқары жерде уақытша жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегінде хат алмасу үшін мекенжайын көрсеткен кезде патенттік сенім білдірілген өкілсіз өзінің өтініш беруші, патент иеленуші құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға құқықтарын жүзеге асыра алады. 

      Патенттік сенім білдірілген өкіл сенім білдірушіден оның тапсырмасын орындауға байланысты алатын ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында құпия ақпаратқа немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға қойылатын талаптар сақталған кезде құпия деп танылады. 

 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 Заңы. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы